Бурабайға демалуға барған 10 бала ауруханаға түсті
Басқарма мәліметінше, олар 30 маусымнан бастап «Edelweiss borovoe» балаларды сауықтыру орталығына орналасқан. Олардың Павлодар қаласындағы балалар үйінің тәрбиеленушілері екені айтылады.
7 шілде күні сағат 11:30 шамасында 10 бала науқастанып, Щучьедегі көпбейінді балалар ауруханасына түсті. Жедел жәрдем бөлімінде балаларды инфекционист, отоларинголог қарады, ЖРВИ-де жұтқыншақтан тампондар алынды. Ковидке ПТР, ротавирусқа және энтеровирусқа нәжіс, менингококкқа жұтқыншақ жағындысы, жұтқыншақтан бакпосев, мұрыннан БЛ жағындысы, ОАК алынды. Екі балаға ОГК рентгені жасалды. Үш балаға бұлшық ет антибиотиктері, қалғандарына ішу арқылы антибиотиктер, жұтқыншақты шаю емі тағайындалады, - делінген хабарламада.
Дәрігерлер алты балаға тонзиллит, екі балаға бронхит, бір балаға ларинготрахеит және тағы бір балаға назофарингит диагнозын қойған.