Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:11

Burger King шетелдік басшыларын қызметінен босатты

1
Фото: из открытых источников

Қазақстандағы Burger King желісі екі шетелдік басшысын қызметінен босатты.

Бұл шешім аутизмі бар қызметкерге қатысты скандал және қызметкерлерге қатысты рұқсат етілмейтін сөздер мен қорлаушы әрекеттер фактілері бойынша ішкі тергеу нәтижесінде қабылданды.

Компания әлеуметтік желілерде жариялаған ресми хабарламасында:

«Басқарушылық шешімдер аясында территориялық басшылар Сергей мен Анастасия енді компания қызметкері емес. Burger King Қазақстан кез келген дискриминацияны, қызметкерлерге деген құрметсіздік немесе азаматтардың қадір-қасиетін қорлайтын сөздер мен әрекеттерді мүлде қабылдамайды», – делінген.

Сонымен қатар компания ішкі тергеу әлі толық аяқталмағанын хабарлады:

«Жағдайды зерттеу жалғасуда. Біз команданың ішкі процестері мен өзара әрекеттерін қосымша талдап, барлық фактілердің объективті және толық қаралуын қамтамасыз етеміз. Burger King Қазақстан инклюзивтілік пен тең мүмкіндіктер принциптерін ұстанады», – деп атап өтті.

Халық әлеуметтік желідегі хабарламаларға әлі де наразылық білдіруде. Көптеген пікірлерде шетелдік басшылардың орнына қазақстандық мамандарды тағайындау және ішкі бақылауды күшейту ұсынылды. Кейбір қолданушылар компанияға қызметкерлер арасында анонимді сауалнамалар жүргізіп, басқару сапасын тексеруді ұсынды.

Ал еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Burger King қызметкеріне қатысты жағдай бақылауда екенін және компанияда ішкі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлаған болатын.

Тегтер: