Burger King төңірегіндегі жанжалға Еңбек министрлігі пікір білдірді
Аутизм диагнозы қойылған қызметкер Әлібек Қаратайға қатысты келеңсіз жағдай елді дүрліктірген еді.
Анасы Жанат Қаратайдың айтуынша, жаңа өңірлік басшы оны жұмыстан кетуге мәжбүрлеген.
Бұл жағдайға байланысты Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі оқиға мән-жайы тексеріліп жатқанын және мәселе бақылауда екенін мәлімдеді.
Министрліктің жауабында:
«Алматы қаласының мемлекеттік еңбек инспекторы Әлібек Қаратайдың тұрғылықты жеріне барып, мән-жайды анықтады. Сондай-ақ қызметкердің әкесімен телефон арқылы сөйлесу барысында өтініш беру тетіктері мен еңбек заңнамасында көзделген кепілдіктер жөнінде толық түсіндірме берілді. Жұмыс берушіден алынған ақпаратқа сәйкес (QSR – Burger King), компанияда қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр. Тексеру кезеңінде басшылық құрамындағы бір тұлға уақытша қызметінен шеттетілді. Қосымша ақпарат кейінірек хабарланады», – делінген.