Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:04, 08 Сәуір 2025

Бұрын Қайрат Боранбаев иелігінде болған мұнай компаниясы жекешелендіріледі

Қайрат Боранбаев
Фото: из открытых источников

2025 жылдың 7 сәуірінде жарияланған Үкімет құжаттарына сәйкес, Қайрат Боранбаевқа бұрын тиесілі болған Phystech II акционерлік қоғамы жекешелендіруге жататын ірі активтер тізіміне енгізілді. Бұл шешімді ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов қол қойған тиісті қаулымен бекітілді.

Компания қазіргі уақытта «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының басқаруында. Енді ол қайтадан жеке меншікке өтуі мүмкін. Құжатта көрсетілгендей, Phystech II 2021–2025 жылдарға арналған жекешелендіру жоспарына қосылып отыр. Бұл жоспар аясында оны бәсекелі ортаға беру көзделген.

Мемлекет Phystech II-ні сатудың бірнеше тәсілін қарастырып отыр:

  • Ашық екі кезеңді конкурс

  • Электрондық аукцион

  • Немесе тікелей мекенжайлық сату

Жекешелендіру үдерісінің 2025 жылдың соңына дейін аяқталуы мүмкін екені айтылып отыр.

Phystech II — Маңғыстау облысындағы Солтүстік Қаражанбас кен орнында мұнай өндірумен айналысатын компания. Ол 25 жылдық жер қойнауын пайдалану келісімшартына ие. Бұл активті Кайрат Боранбаев 2023 жылдың қазанында мемлекет меншігіне өткізген болатын. Алайда кейін белгілі болғандай, ол компанияны мемлекетке сыйға тарту құжатын (дарственную) ресми түрде рәсімдемеген. Тек 2024 жылдың тамыз айында ғана компания ресми түрде республикалық меншікке өтті.

Бұған дейін Phystech II Боранбаевтың «КазТурбоРемонт» холдингтік компаниясы арқылы бақыланған. Оның нарықтық құны 35,5 миллиард теңге шамасында бағаланған.

Тегтер: