Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 12:10

Бұрын сотталған азамат полиция қызметкерлеріне тиесілі екі көлікті өртеп жіберді

1
Фото: скриншот

Семейде мас күйдегі ер адам учаскелік полиция пунктінің жанында өрт қойған.

Қаңтардың 25-і күні кешке Семей қаласында учаскелік полиция пунктінің маңында құқық қорғау органдары қызметкерлеріне тиесілі автокөліктер өртелді.

Абай облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға шамамен 18:10 кезінде болған. Алдын ала деректерге сәйкес, 66 жастағы, бұрын сотты болған жергілікті тұрғын мас күйінде екі автокөлікті – Chevrolet Cobalt пен Changan маркалы көліктерді өртеп жіберген.

Көліктер учаскелік пункт маңында тұрған және ішкі істер органдарының қызметкерлеріне тиесілі болған.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тегтер: