Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:03, 21 Қазан 2023

Бұрынғы Әділет министрі ұсталды

1
Фото: из открытых источников

Антикоррупциялық қызмет Мемлекет басшысының заңсыз шығарылған активтерді іздеу және қайтару жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Әділет экс-министрін лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдік бойынша ұстады, деп хабарлайды Zhasalash.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттікке сілтеме жасап.

«Ол талап етілмейтін қызметтерді көрсетуге жыл сайынғы келісімшарттар жасау арқылы үлестес компанияның мүдделерін қолдады. Бұл әрекет мемлекетке үлкен зиян келтірді», - делінген Антикор мәлімдемесіне.

Активтерді қайтару бойынша жұмыс жалғасып жатыр.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Тегтер: