Бүгін, 15:15
Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Президенттің кеңесшісі болды

Қазақстан Республикасының Президенті Тоқаевтың жарлығымен Алексей Цой әлеуметтік мәселелер жөніндегі Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды.
Алексей Цой 2020-2021 жылдары еліміздің денсаулық сақтау министрі болды.
Айта кетейік, Алексей Цой 1977 жылы 2 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 2022 жылдың 31 қазанында ол қайтадан Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының басшысы болып тағайындалған еді.