Бұрынғы депутат Қайрат Құдайберген 8 жылға бас бостандығынан айырылды
![1](/static/img/image.jpg)
Сот Құдайбергенді 8 жылға бас бостандығынан айырды. Сот оны жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырғаны және оған қатысқаны үшін кінәлі деп таныды. Оған журналистік қызметпен айналысуға да тыйым салынды.
Қалалық мәслихаттың 7-шақырылымының бұрынғы депутаты Қайрат Құдайберген 2022 жылдың 22 сәуірінде қаңтар оқиғасына қатысты ұсталған. Сол күннен бастап ол қамауда болды.
Құдайберген жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды және оған қатысты деген күдікке ілінді. Алдын ала тергеу оның Арман Джумагелдиевпен (қылмыстық топ жетекшісі Дикий Арман – ред.) бірге Алматыдағы «Қазақстан» қонақүйінде адамдарды жинағанын анықтады. Тергеу деректері бойынша Құдайберген Жұмагелдиевтің төңірегіне топтасып, оны қолдап, билікке ортақ талаптар қоюға шақырған, сондай-ақ адамдарды 10 адамнан камераға бөліп, өз тобының айрықша белгісі ретінде қолдарына ақ бау байлауды тапсырған.