Бұрқасын, жел: 6 өңірде ескерту жарияланды
12 желтоқсанда ауа райының бұзылуына байланысты «Қазгидромет» РМК бірнеше өңірде ескерту жариялады.
Атап айтқанда, Павлодар облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, өңірдің солтүстігінде күші 15-20 м/с артады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысы мен орталығында жаяу бұрқасын болжанады.
Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, өңірдің солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с артады.
Таңертең және күндіз Қызылорда облысының орталығында жел солтүстік-шығыстан соғады, күші 15-20 м/с құрайды.
КүндізСолтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, түнде батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с жетеді.
12-13 желтоқсанда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұманды болады. Солтүстік-шығыстан жел соғып, өңірдің шығысы мен таулы аудандарында екпіні 25 м/с жетуі ықтимал.