Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:00, 28 Шілде 2023

БҰҰ: 2023 жылдың шілдесі тарихтағы ең ыстық ай болады

None
None

 БҰҰ: 2023 жылдың шілдесі тарихтағы ең ыстық ай болатынан мәлімдеді. 

Биылғы шілде айы тарихтағы ең ыстық ай болатын сияқты.

Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (WMO) мен Еуропалық Жерді қашықтықтан зондтау бағдарламасы — Коперник осы айдың алғашқы үш аптасындағы орташа жаһандық температура көптеген елде ыстық толқындар салдарынан өткен жылдардағы температурадан айтарлықтай асып кеткенін анықтады.

Коперник директоры Карло Буонтемпоның айтуынша, биылғы шілдедегі температура 1940 жылдардан бері тіркелген ауа райы деректерінен күрт айырмашылығы бар. Деректер қазіргі температураның «соңғы мың жылдық тарихта тіркелмегенін және тіпті соңғы жүз мың жылда байқалмағанын» көрсетеді», — деді ол.

Соңғы апталарда, әсіресе Жерорта теңізі аймағында, АҚШ-тың оңтүстігінде және Қытайдың кейбір бөліктерінде ыстық температура байқалды. Грекия мен Алжирде 40 градус ыстық орман өртіне себеп болды. Мамандардың айтуынша, бұл ыстық ауа райының өзгеруіне адам себепкер болған.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш «жаһандық жылыну дәуірі аяқталды, жаһандық қайнау дәуірі келді» деді. Ол әлемдік қауымдастықты апатты болдырмау үшін климаттың өзгеруіне қарсы шұғыл және түбегейлі шаралар қабылдауға шақырды.

Тегтер: