Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:17, 16 Маусым 2023

БҰҰ Даму бағдарламасы еліміздің дамуына үлес қосуда

None
None

Өткен жұмада Астана қаласында Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаровтың қатысуымен Біріккен Ұлттар Ұйымы бас хатшысының көмекшісі, БҰҰ Даму бағдарламасының Еуропа және ТМД өңіраралық бюросының көмекшісі Ивана Живковичпен жұмыс барысын талқылап, келелі кездесу өткізді.

Кездесуде екі тарап Қазақстан мен БҰҰДБ арасындағы ынтымақтастық жайын атап айтып, маңызына тоқталып, үлкен мән берілді. Қайрат Омаров БҰҰДБ-мен өзара іс-қимыл орнықты даму мақсаттары жағынан БҰҰ жүйесі шеңберіндегі ынтымақтастығымыздың басым бағыттарының бірі екенін айтып, біздің елдің БҰҰ Даму бағдарламасының мемлекетіміздің өркендеп дамуына үлкен үлес қосқанын атап айтты.

Сондай-ақ екі жақ БҰҰДБ-ның біздің елдегі 30 жылдың ішінде жасаған келелі жұмыстарына тоқталып,  қорытындылап, кедейлікпен күресуге, әлеуметтік осалдық пен теңсіздікті жоюға, климаттың өзгеруіне төзімділікке, төмен көміртекті дамуға, тиімді және есеп беретін институттарға, сондай-ақ әртараптандырылған экономикалық өсуге бағытталған жобаларды іске асыру жайын талқылап, зерделеді.

Қ.Омаров орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу жайына елімізде көп көңіл бөлінетін алға тартты. Сонымен қатар БҰҰ даму жүйесін реформалау шеңберінде Алматы қаласында Орталық Азия мен Ауғанстан елдері үшін ОДМ бойынша БҰҰ Өңірлік орталығын құру жөніндегі қазақстандық бастаманың маңыздылығына тоқталды.

Ал Ивана Живкович көптеген жылдар ішінде Қазақстан мен БҰҰДБ арасындағы көп жылдан бері қалыптасқан әріптестікті ұтымды бағалап, оның қызметінің бағыттарына қолдау көрсеткені үшін еліміздің дипломаттарына алғыс білдірді. Аталған мақсаттарға қол жеткізу үшін БҰҰДБ-мен әлі де алға қойған мақсаттарды нығайтуға күш салатындарын айтты.

Кеңестегі екінші мәселе – ынтымақтастықтың келесі кезеңін дамыту аясында екі тараптың Қазақстандағы жаңа құрылған облыстарға қолдау және БҰҰДБ мандаты шеңберінде бірлескен жобаларды іске асыру жөніндегі жоспарлары талқыға түсті.

Ал енді ұйымның міндеті мен мақсаты туралы айта кетер болсақ, БҰҰ Даму бағдарламасы 1965 жылы құрылған, БҰҰ-ның барлық агенттіктерін дамыту саласында күш-жігерді үйлестіруде басты рөл атқарып келеді. Бағдарламаның штаб-пәтері АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында орналасқан және оның әлем бойынша 166 бөлімшесі жұмыс істеуде.

БҰҰДБ қызметінің басты мақсаты – халықтың орнықты дамуын қамтамасыз ету, кедейлікпен күрес, жұмыспен қамтуды ұлғайту және халықтың өмір сүру деңгейін арттыру, білім беру жүйесін жақсарту, қоршаған ортаны қорғау және қалпына келтіру болып табылады.

Тегтер: