12:15, 06 Наурыз 2023
БҰҰ мұхиттарды қорғау туралы келісімді мақұлдады
100-ден астам елдің өкілдері БҰҰ-ның ашық теңізді қорғау туралы келісімге отыру процесін аяқтады.
Экологтар қауымының пікірінше, бұл — теңіз биоәртүрлілігінің жойылуына қарсы және тұрақты дамуды қамтамасыз етуге сеп көптен күткен қадам, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл келісімнің арқасында 2030 жылға таман олардың 30%-і қорғалатын акваторияға айналады.
Енді бұл аумақтарда кешенді экологиялық тексерулерден кейін ғана кеме қатынасы, су асты бұрғылау жұмыстары мен балық аулауға рұқсат етіледі. Ал қазір мұхиттың тек 1,2%-і ғана қорғалатын аймаққа жатады. Негізі келісім 20 жылдай дайындалған. Осы уақыт бойы халықаралық бірлестікке мүше елдер бір мәмілеге келе алмаған. Әсіресе балық аулау квоталарына қатысты келіспеушіліктер болды.