Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:35, 14 Шілде 2023

БҰҰ Құран өртеуді айыптайтын қарар қабылдады

None
None

12 шілдеде БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесі Құран өртеуді айыптайтын қарар қабылдады.

Кеңестің шұғыл отырысын өткізу жөніндегі өтінішті Пәкістан түсірген. Бұның алдында Швецияда Құран өртеу акциясы өткен, деп хабарлайды Zhasalash.kz сайты Centralasian.org-ке сілтеме жсап. 

Жиналыста БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Фолькер Тюрк әлем халықтарын діни араздық туғызатын әрекеттен бас тартуға, шыдамды болуға шақырған.

Кеңес қабылдаған қарарда «Адам құқықтары жөніндегі кеңес Қасиетті Құранды аяққа таптайтын қасақана әрекеттерді қатаң айыптап, діни араздық туғызғандарды жауапқа тарту қажет деп есептейді» деп жазылған.

Құжатты 28 ел қабылдады, 12 ел қарсы дауыс берді, олардың арасында АҚШ пен Ұлыбритания бар. Қарарға қарсы шыққан елдердің пікірінше, қарар адам құқықтары мен сөз еркіндігі қағидаларына қайшы келеді.

28 маусымда мұсылмандардың Құрбан айт мерекесі кезінде 37 жастағы ирак босқыны Салван Момика Стокгольмдегі мешіт алдында Құран өртеді. Мұсылмандар қауымы Швецияны осындай акцияға жол бергені үшін айыптады.

Сауд Арабиясы, Ирак, Иран, Марокко және басқа да мұсылман елдері Құран өртеу оқиғасын сынады.

Тегтер: