Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:45, 14 Қазан 2023

Бүйректе тас жиналмаc үшін не істеу керек

бүйрек
Фото: из открытых источников

Дәрігер маңызды кеңестермен бөлісті

Әлемде әрбір оныншы адам бүйректе тас жиналуынан зардап шегеді. Олардың басым бөлігі 20-40 жас аралығындағы еңбекке жарамды халық. Десе де, ауру егде жастағыларды да айналып өтпек емес, 70-ке жеткендердің 12,5 % да осы дерттің зардабын тартады дейді зерттеушілер.

Бұл Әйелдерге қарағанда ер адамдарда бүйрек тасы екі есе көп ұшырасады.

Бүйректегі тасты қалай анықтауға болады?

Көп жағдайда несепағар тас ауруы симптомсыз болады. Яғни, түзілістер бүйректе болғанымен, көлемінің кіші болуынан ешқандай белгі бермейді. Тек тұзды шөгінді көбейіп, іріленгенде не бүйрек пен қуық арасындағы түтікті бітегенде барып ауырсына бастайсыз. Бұл жағдайда зәр бүйректен шыға алмай, сол ағзаның түйіліп, шаншуына алып келеді.

Уролог-дәрігер Ринат Құлмұхаметов бүйректе тас бары мына себептерден екенін айтты.

- Физикалық жұмыс қана емес, қоғамдық көлікте шайқалып, қозғалғанның өзінде бел тұсының сыздап не қатты ауруы;

- Кейде несеп шығару кезінде жанға бататын аурудың пайда болуы;

- Бұлдыр, қошқыл зәр;

- Әжетханаға барудың жиілеп кетуі.

Аталған белгілер сіздің ағзаңызда кездессе, міндетті түрде жылдам терапевт маманға көріну қажет. Әйтпесе уақыт өте тастың көлемі артатын болады.

Тас жиналуының алдын алу үшін мына ережерді есие ұстаған жөн:

- Күніне 10 стақан су ішкен дұрыс. Сондай-ақ апельсин немесе лимон шырынын ішкен де пайдалы. Себебі, бұл аталғандар тастың құрылуын кешеуілдетеді;

- Тұзды көбірек пайдаланудан сақтану керек;

- Қызыл ет тағамдарын аз тұтыну;

- Жасыл өсімдіктерді күнделікті тұтынатын тағамдардың қатарына қосу;

- Ең маңыздысы ұдайы уролог, нефролог мамандарға қаралып тұрған жөн.

Тегтер: