Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:17, 04 Ақпан 2020

Бюджет әкімдік аппаратынан ары аспайды

Аймақтардағышығынның басым көпшілігі әкімдік аппаратына жұмсалады.

Transparency Kazakhstan ұйымының зерттеуіне енген 3255 ауыл, аудан орталықтарымен қалалардың бюджеті негізінен әкімдік аппараттарына жұмсалады.

Ал ең азқаржы халықты жұмыспен қамту мен жол жөндеуге кетеді.

2018 жылдан бастап бюджеттің төртінші деңгейі енгізілген. Оған сәйкес, 2мың тұрғыны бар елді мекендер өз бюджетін өздері бекітеді. Бұл бюджеттердің 90пайызы халық төлемдері мен салықтан жинақталған.

Transparency Kazakhstan директоры Ольга Шиянның сөзінше,Қазақстанда жергілікті бюджеттердің қайда жұмсалып жатқандығы туралы ақпаратжоқ. Сол себепті зерттеу барысында бюджетті толықтай сараптауға тура келген.

Зерттеу қорытындысы бойынша, жергілікті өзін өзі басқарусаласына бюджеттен ең көп қаржы жұмсаған өңірлердің көшін Алматы, Жамбыл жәнеТүркістан облыстары бастап тұр. Ал дәл осы салаға ең аз қаржы жұмсаған облыстарқатарына Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстары енген.

2019-2021 жылдарға арналған бюджеттің басым көпшілігі әкімдікаппаратына, әкімшілік ғимараттарын жөндеуге, көшелерді жарықтандыруға, елдімекендерді көкалдандыруға, мектепке дейінгі және орта білім салаларынабөлінген. Ал керсінше, дәл осы жылдарға арналған бюджеттен ең аз қаржықарастырылған салалар қатарына халықты жұмыспен қамту, жол жөндеу, елдімекендерге ауыз су тарту, әлеуметтік көмек, денсаулық сақтау, спорт жәнекоммуналды қызмет түрлері кіреді.

Фото: Әлеуметтік желіден.

Тегтер: