Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:04, 18 Шілде 2023

Бюджеттің қаражаты үнемделеді

None
None

Елімізде қорғаныс саласында жаңалық көп. Алдағы 2024 жылдан бастап 17 жасар балаларды әскери есепке қою автоматты түрде іске асатын болады.

Бұл көптеген қағасбастылықтан, бюрократиядан арылуға көмектеседі.

Аталған бастамаға барлық облыстық, қалалық ведомстволар басшылары қолдау білдірді. 16-60 жас аралығындағы азаматтарды әскери есепке алудың толық қамтылып жүргізілуіне мүмкіндік береді.

Қолданыстағы заңға сәйкес жыл сайын он жеті жасқа толатын ер азаматтарды тіркеу жүргізіледі. Мұндай процедура әскери қызметке жарамдылық деңгейін анықтай алады.

Жарамдық деңгейін анықтауға да бұл тіркеудің көмегі бар. Өйткені осыған байланысты денсаулық сақтау мекемелері бір айлық баладан бастап 18 жасқа дейінгі балалардың денсаулығын бақылаумен және сауықтырумен профилактикалық медициналық тексерулерді жүзеге асырады. Бұл дерек арқылы 15 пен 18 жас аралығында балалардың денсаулық жағдайына кешенді бағалау жүргізіледі. Мұндай деректер Қорғаныс министрлігімен біріктірілген Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесінде де көрсетіледі.

Бұл автоматтандырудың тағы да тиімділігі бар. Дерек бойынша жыл сайын 120 мыңға жуық 17 жасар бала әскери есепке алынады екен. Қызметті автоматтандыру жергілікті атқарушы органдарға жыл сайын бюджеттен бөлінетін қаражатты үнемдеуге мүмкіндік беріп отыр. Ал үнемделген қаражат медициналық комиссия мүшелеріне еңбекақы төлеуге, шалғайдағы ауылдық округтерден жастарды әскери комиссариаттарға алдыру үшін, басқа да қажеттіліктерге жаратылатын көрінеді.

Тегтер: