Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:04, 11 Қаңтар 2024

"Біз аш емеспіз": Сенатор Нұртөре Жүсіп тегін тамаққа ұмтылатындарды сынады

Нұртөре Жүсіп
Фото: из открытых источников

Сенатор Нұртөре Жүсіп елдегі халықтың мәдени деңгейін арттыру мен осы шеңбердегі маңызды мәселелерге тоқталды.

«Былтыр Тәжікстанның жеміс-жидегіне таласқан жұртты көріп жағамызды ұстаған едік. Дәл жаңа жылдың алдында шоколад шыршасын бір минутта тайпап кеткендерді де көрдік. Осы видеолар халықаралық пабликтерде мыңдаған қаралым жинап жатыр. Сонда біздің мәдени деңгейіміз, жеткен жеріміз осы ма?»,- деді сенатор.

Депутат мемлекет тарапынан халықтың мәдени деңгейін көтеруге, таным-түсінікті кеңейтуге бағытталған жұмыстардың жеткіліксіз екенін алға тартты. 

«Президент «Толық адам», «Адал азамат» деген идеяларды ұсынды. Бұл да құндылық. Осының бәрін кім жүйелейді? Айтылған сөз айтылған жерде қалмауы керек қой. 20 миллион Қазақ Еліне ортақ осындай құндылықтар жүйесі қашан жасалады? Жас ұрпақ тәрбиесі мен мәдени деңгейімізді көтеру мәселесіне мұқият көңіл бөлмесек болмайды», - деді сенатор.