Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:35, 16 Мамыр 2025

Біз бүкіл әлемді шарлап, Путинді іздей алмаймыз - Зеленский

Зеленский
Фото: ашық дереккөз

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путиннің өзі ұсынған Стамбулдағы бейбіт келіссөздерге қатыспауына қатысты пікір білдірді.

«Анкарада жоқ, Стамбулда жоқ. Біз бүкіл әлемді шарлап, оны іздей алмаймыз ғой», – деді Украина басшысы.

Зеленскийдің айтуынша, Ресей тарапы келіссөздерге әлсіз құрамдағы делегация жіберу арқылы соғысты тоқтатуға мүдделі еместігін анық аңғартты. Бұл — бейбіт келіссөздерге, әлемдік қауымдастыққа және соғысты тоқтатуға ұмтылып отырған елдерге деген құрметсіздіктің көрінісі.

«Бүгін Ресей тағы да соғысты тоқтатуға ниетті емес екенін көрсетті. Олар келіссөздерге әлсіз құрамдағы делегация жіберді. Бұл – жай ғана келіссөз үшін келіссөз жүргізу, ал нақты шешім қабылдау ниеті жоқ екені анық байқалады. Мұндай тәсіл – тек Украинаға ғана емес, жалпы бейбітшілікке, халықаралық қауымдастыққа және серіктестерімізге де құрметсіздік. Біз халықаралық әріптестерден нақты әрі күшті жауап күтеміз», - деді Зеленский.

Ол сондай-ақ соғысты аяқтау үшін Украинаның дипломатиялық жолдарды қолдайтынын, бірақ қарсы тараптан шынайы ниет байқалмаса, бұл келіссөздер нәтиже бермейтінін атап өтті.

Тегтер: