Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 16:55

«Біз – қарулас бауырмыз»: Қорғаныс министрінің Ресейдегі сөзі сынға ұшырады

Жақсылықов
Фото: ашық дереккөз

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов 9 мамыр — Жеңіс күні қарсаңында Ресейге сапарлап барып, Ресейдің жаңадан тағайындалған қорғаныс министрі Андрей Белоусовпен кездесті.

Кездесу барысында қос тарап әскери әріптестік пен екі ел арасындағы байланысты сөз етті.

Алайда министрдің ресми мәлімдемесі қоғамның қызу талқысына түсті. Жақсылықов кездесуде: «Біз қонақ емеспіз. Біз – достармыз, одақтаспыз, қарулас бауырлармыз. Қазақстанда өткізілген әскери парад Отан қорғаушылар күніне емес, Ұлы Жеңіс күніне арналды», - депті.

Министрдің бұл сөзі әлеуметтік желіде біраз азаматтардың наразылығын тудырды. Қолданушылардың бірі оны «отансүйгіштігі жоқ», «қазақ халқының мүддесін қорғай алмайды» деп айыптаса, енді бірі «министр деңгейі — осы» деп сын айтты. 

«Деңгей осы ғой, деңгей. Өзінің ең бірінші міндеті — Отан қорғауды екінші кезекке ысырып, маңызын төмендете салғаны — өресіздік қой», — деп жазды журналист Асылхан Мамашұлы.

Пікір қалдырғандардың бірі: «Отан қорғаушылар күнін елемей, парадты басқа елдің тарихи датасына арнау — бұл мемлекеттілікті елемеу» десе, тағы бірі: «Қорғаныс министрі елдің емес, бір кездегі империяның мүддесін қолдап тұрғандай әсер қалдырды», - деп жазды.

Неліктен бұл мәлімдеме қоғамда наразылық тудырды?

Мұндай риторика тәуелсіз Қазақстанның ұлттық мүддесі мен егемен идеологиясына қайшы келуі мүмкін. Мемлекеттік деңгейдегі тұлғалар, әсіресе қауіпсіздік саласындағы басшылар, ел ішінде ұлттық бірлік пен егемендік құндылықтарын алдыңғы орынға қоюы тиіс.

Тегтер: