Кеше, 14:02
Біздің Қазақстаннан басқа барар жеріміз жоқ - Шерзаттың әжесімен сұхбат
Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов қамалып еді.
Онымен бірге полиция екі қарындасының біріне айыппұл салып, екіншісін 15 тәулікке қамап, азаматтығы болмауына байланысты елден депортациялайды деген ақпарат тарады. Егер Бақыт Реймова елден шығарылса, оның кәмелетке толмаған баласы Мейірбек Реймов асыраушысыз қалуы мүмкін. Бұл туралы Мейірбектің өзі Тоқаевқа үндеу жолдады.
Ал Бақыт Реймованың адвокаты Мейірбек Шекеев: «Бақытты елден шығарып жіберуге құқығы жоқ. Өйткені ол белгілі бір мемлекеттің азаматы емес. Азаматтығы жоқ тұлға» деп мәлімдеді.
Jas Alash Youtube арнасы Шерзаттың әпкесі елден шығарыла ма, оны ұстағанда қандай заңсыздықтарға жол берілгенін білу мақсатында адвокаты Мейірбек Шекеев және анасы Күләш Реймовамен сұхбаттасты.