Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:22, 13 Шілде 2021

Чарлиздың баласы қайтеді-ей?

None
None

Жемқорлықпен айыпталған қазақстандық шенеуніктер дереу отставкаға кетеді деп кім айтты?

Кей шенеуніктер үстінен бірнеше тергеу жүріп жатса да, жаңа қызметке тағайындала береді. Мысалы, Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы болған Айдар Беркімбаев.

       Ол биыл қаңтарда «632,5 миллион теңге жымқырды» деген күдікпен тергеуге іліккен болатын. Оған дейін де үстінен бірнеше қылмыстық іс қозғалып жатса да, қызметтен қызметке ауысып, жүрген жерінде жымқырушылық әрекеттерімен көзге түскіш.

       Сол Айдар Чарлизұлы осы күнге дейін Алматының энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасында басшы болып келген екен. Алматы қаласының экономикалық тергеу департаменті биыл ақпанда Алматы әкімінің орынбасары Мақсат Қиқымовқа ресми түрде Беркімбаевты қызметінен босату туралы кеңес берген. Бірақ Қиқымов ол кеңесті тыңдамай, Беркімбаев пәтшағар үстінен қылмыстық іс тергеліп жатқанына қарамастан, қала әкімдігінде тағы жарты жыл «жұмыс істеп» жүріп алды.

        2 шілде күні әрең дегенде қызметінен босатыпты. «Нұр Отанның» сыбайлас жемқорлыққа қарсы республикалық кеңесі Чарлизұлының қандай шенеунік екеніне көзін жеткізген соң, «Ештен кеш жақсы» деп, «Нұр Отанның» партиялық кеңесі оны партия қатарынан шығарып тастады.

Енді Айдар Беркімбаевтың қандай қызметке тағайындалатыны қызық болып тұр.

Тегтер: