Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
18:00, 15 Наурыз 2023

ChatGPT-дегі қазақ тілінің деңгейі жетіле түседі

None
None

2022 жылдың қараша айының соңында OpenAI өзінің жаңа ChatGPT өнімін ұсынғанболатын.

Бұл әртүрлі тапсырмаларды орындай алатын чатбот: сценарийлер, өлеңдер мен әндер жазу, есептердішешу, кодтар жазу, қиын сұрақтарға жауап беру, медициналық кеңес беру, жоспар құру. Қолданбаның ай сайынғы аудиториясы қазірдің өзінде 100 миллион пайдаланушыға жеткен. Салыстырмалы түрде қарайтын болсақ, дәл осындай аудитория жинау үшін TikTok-та тоғыз ай, ал Instagram-да 2,5 жыл қажет болады екен.

Қазақстандықтар ChatGPT қызметін еркін пайдалана алады. Ол үшін компанияның веб-сайтына өтіп, ChatGPT-ті қолданып Try ChatGPT түймесін басу жеткілікті. Осыдан кейін жүйеге кіріп, диалогты бастауыңыз керек. Айтпақшы, бот орыс және қазақ тілдерінде еркін сөйлейді.

Осы аптада Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қазақстан делегациясының құрамында БҰҰ Әйелдер істері жөніндегі комиссиясының инновациялар қаншалықты маңызды екеніне арналған 67-ші сессиясына қатысу үшін АҚШ-қа әссапармен барған болатын, цифрландыру және технология гендерлік теңсіздік мәселелерін шешуге қалай әсер ете алатындығы туралы мәселелеір қарастырылды.

Министр сонымен қатар Сан-Францискода орналасқан ірі технологиялық компаниялар мен стартаптардың кеңселерін аралады:

— Осы компаниялардың өкілдерімен біз осы технологиялық алпауыттардың көбірек қызметтеріне қазақ тілін қосу мүмкіндігін талқыладық. Менің ойымша, тілдің максималды болуын қамтамасыз ету маңызды, соның ішінде ChatGPT сияқты озық әзірлемелерге де қатысты болуы керек. Бұл қазақстандықтардың көп санының жаңа технологияларға тең дәрежеде қол жеткізуіне мүмкіндік береді, — деді Бағдат Мусин.

Оның айтуынша, ол сонымен қатар геостационарлық жерсеріктерді шығаратын және ұшыратын Astranis Space Technologies Corp компаниясымен ынтымақтастық мүмкіндігін талқыланды.

«Сонымен қатар, біз мыңдаған қолөнершілердің жұмыстарын сататын NOVICA онлайн платформасымен ынтымақтастықтың нақты қадамдарын әзірледік. Американдық жетекші венчурлық басқарушы 500 Startups компаниясымен кездесу өткізіліп, аймақтық стартаптарды олардың акселерация бағдарламаларына дайындау мүмкіндіктері талқыланды. Біз сондай-ақ Дүниежүзілік экономикалық форумның Төртінші өнеркәсіптік революция орталығының (C4IR), ЮНИСЕФ, ЮНДЕСА және басқа да ұйымдардың командаларымен Қазақстанның цифрландыру тәжірибесін басқа елдерге тарату мүмкіндігін талқыладық», — деді министр.

Data-аналитик Арман Маратов ChatGPT іске қосылған бірінші күнінде қолданып көрген екен:

— Диалогтық модель үлгісінің өзі бұрыннан бар, бірақ ChatGPT неліктен қазір революция сияқты көрінеді деген сұрақ туындайды. Оны Reinforcement Learning from Human Feedback жүйесін қолдану арқылы дайындаған. Яғни, ол жауаптың қаншалықты дұрыс берілгені туралы әр жолы кері байланыс берген адаммен сөйлесіп отырған. Компания үшін бұл өте қымбатқа шыққаны түсінікті, әрі көп уақытты кеткен. Менің білуімше, OpenAI чат-бот жасау үшін шамамен 70 миллион доллар жұмсаған. Мұндай жадқа ие болу үшін видеокартасы бар қарапайым сервер жеткіліксіз. Nvidia A100 және H100 нұсқаларының кем дегенде сегіз бейне картасы қажет, — деп түсіндірді ол.

Ол қосымшаны жасау үшін әзірлеушілер өздерінің жабық профильді әзірлемелерін, соның ішінде архитектурасында шамамен 175 миллиард нейронды қамтитын GPT-3.5 нұсқасын пайдаланғанын айтты. «Сіздерге түсінікті болу үшін былай айтайық, адам миында шамамен 100 миллиард нейрон бар. Яғни, чат-боттағы нейрондар саны бір немесе екі адамға пропорционал болып тұр. Бұл осындай үлкен үлгінің алғашқы моделі болыр тұр. Оны қолдау үшін компания Бірінші айда серверді жалға алу күніне шамамен 100 мың доллар жұмсаған, ал қазір одан да көп», — дейді А.Маратов.

Цифрлық министрлік өкілі, сонымен бірге, Бүкіләлемдік экономикалық форум Қазақстанды цифрлық қызметтердің қазақстандық тәжірибесіне сүйене отырып, халықаралық бастамаларды дамытуға қатысуға шақырғанын қосты. Бұл біздің цифрлық жұмысымызға берілген өте жоғары баға деп қарастыруға болады. Әрине, бұл елімізге әрі қарай жұмыс істеуге, жаңа жобалар жасауға серпін береді. Және, әрине, осы уақыт ішінде қабылданған тәжірибедерді Қазақстанға да біртіндеп енгізетін болады деген сенім бар.

Тегтер: