Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:20, 22 Желтоқсан 2023

Чехиядағы атыс - студент 15 адамды атып тастаған

каш
Фото: из открытых источников

Прагада Карлов университетінің 24 жастағы тарих факультетінің студенті Дэвид Козак бір өзі адамдарға шабуыл жасаған. 

Салдарынан 15 адам қаза тауып, 25-ке жуық адам жараланған. Артынша студент өз-өзіне қол жұмсаған. Тіпті бұл оқиғаға дейін өз әкесін өлтіргені белгілі болды, деп жазды Zhasalash.kz.

21 желтоқсан күні түстен кейін ол университетке мылтықпен келіп, адамдарға оқ ата бастаған. Чехияның ішкі істер министрлігі бұл оқиғаның халықаралық терроризмге қатысы жоқ екенін атап өтті.

"Жиырма төрт жастағы Дэвид Козак ең әуелі өз үйінде әкесін өлтіріп, Прагаға өнер факультетіне барады. Полицияның мәліметінше, ол Целетная көшесінде өтетін дәріске  бара жатқан. Неліктен Ян Палах алаңындағы ғимаратқа бет алғаны белгісіз. Жас жігіт жалпы тарих институтының факультетінде оқыды. Осы жылдың мамыр айында ол 2018 жылдан бері Польшаға арналған жұмысы және Прагадағы поляк институты берген бакалавр диссертациясы үшін Мариан Шийковский сыйлығын жеңіп алды", - деп жазады чех басылымы idnes.cz.

Чехия билігі сенбі, 23 желтоқсан – атыс құрбандарын еске алуға арналған мемлекеттік аза тұту күні деп жариялады.