Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 10:00

Черногория билігі Қайрат Боранбаевтың серіктесін ұстап, Қазақстанға қайтарды

 Тарык Волкан мен Боранбаев
Фото: Жас Алаш коллаж

Черногория билігі Қазақстанның сұрауы бойынша халықаралық іздеуде жүрген шетелдік бизнесменді елге қайтарды. Бас прокуратураның мәліметінше, Қазақстанға Түркия азаматы экстрадицияланған.

Түркиялық кәсіпкер Тарык Волкан Оскае - Қайрат Боранбаевпен байланысы бар NEF Qazaqstan компаниясының басқарушы серіктесі саналады. Олар бірлесіп бірқатар активтерге, соның ішінде Comfort Hotel Astana қонақүйіне иелік еткен.

Тергеу деректеріне сәйкес, ол 2022–2024 жылдар аралығында жалған келісімшарттар жасасып, Алматы қаласындағы тұрғын үй кешендерінің құрылысына арналған 6 млрд теңгеден астам қаражатты заңсыз шығарған.

Күдікті Интерпол желісі арқылы іздестіріліп, 2025 жылдың наурыз айында Черногория аумағында ұсталған. Қазіргі уақытта ол Қазақстандағы тергеу изоляторына қамалды. Оған мүлкін тәркілеу арқылы 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаупі төніп тұр.