Черногория Қазақстанға Дина Таңсәріні экстрадициялаудан бас тартты

Қазақстандық құқық қорғаушы Дина Таңсәрі Черногорияда саяси босқын мәртебесінде қалды.
Елдің Жоғарғы соты Бас прокуратураның экстрадиция туралы сұрауын қанағаттандырмай, шешімін заңды күшіне енгізді.
Таңсәрі биыл 14 сәуірде Черногорияда ұсталған еді. Алайда келесі күні тергеу соты оны қамаудан босатты. Кейіннен, 29 шілдеде, Дина Таңсәрі мен оның жұбайы Алмат Мұхамеджановқа халықаралық қорғау мәртебесі берілді. Бұл оларға шетелдік алаңдарда Қазақстандағы әйелдердің құқығы жөнінде еркін пікір айтуға мүмкіндік береді.
Қазақстанда «НеМолчи» қорының жетекшісіне қатысты «Алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс 2023 жылдың соңында қозғалған. Осыдан кейін Таңсәрі президентке ашық хат жолдап, ІІМ тарапынан өзіне саяси астары бар қудалау жүргізіліп жатқанын мәлімдеген.