Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:45, 04 Маусым 2025

Черногорияда Динара Смаилованы экстрадициялау ісі бойынша сот өтеді

Смаилова
Фото: zhasalash.kz

Черногорияда 5 маусым күні жергілікті уақытта сағат 8:00-де (Астана уақытымен 12:00) «Не молчи» қорының негізін қалаушы Динара Смаилованы Қазақстанға экстрадициялау мәселесі бойынша сот отырысы өтеді.

Бұған дейін, 15 сәуір күні Черногорияда Смаиловаға қатысты бұлтартпау шарасын белгілеу бойынша сот отырысы өткен болатын. Ол бір түнге қамауға алынғанымен, келесі күні босатылды. Сот оған қатысты қамауға алу туралы өтінішті қанағаттандырмаған.

Смаилованың адвокатының айтуынша, егер экстрадициялау туралы шешім қабылданса, ол апелляциялық шағым түсіруге құқылы. Одан кейін бұл мәселе Черногория әділет министрлігінің қарауына беріледі. Соңғы шешімді дәл осы ведомство қабылдайды.

Динара Смаиловаға қатысты Қазақстанда “алаяқтық” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тергеу қорытындысына сәйкес, ол “Не молчи” қорының жұмысына жиналған донат қаражаттарын мақсатсыз пайдаланған деген күдікке ілінген. Алайда Смаилова бұл айыптауларды түбегейлі жоққа шығарып отыр. Ол бұл істің “қолдан жасалғанын” және билік өкілдері өзіне қарсы кез келген сылтаумен экстрадицияға қол жеткізгісі келіп отырғанын мәлімдеді.

Сот отырысы қоғамдық резонанс тудырды. Қазақстандық құқық қорғаушылар мен белсенділер Черногория билігін әділ шешім қабылдауға шақырып отыр.

Сот Астана уақытымен сағат 12:00-де басталады.

Тегтер: