Черногориядағы атыс: кем дегенде 10 адам қаза тапты
Черногориядағы Цсетинадағы барда ер адам оқ жаудырды. Кемінде 10 адам қаза тауып, тағы бірнеше адам жараланды. Черногорияда аза тұту жарияланды.Қылмыскер қашып кетіп, кейін өз-өзіне қол жұмсамақ болғанда көз жұмды.
Сәрсенбі, 1 қаңтар күні Черногориядағы Цсетина қаласының тарихи орталығындағы барда ер адам оқ жаудырып, кейін көшеге шығып, өтіп бара жатқан адамдарды да атқан. Салдарынан кемінде 10 адам қаза тапты, деп хабарлады Черногория Ішкі істер министрі Данило Саранович. Оның айтуынша, қаза тапқан екі адам мекеме қожайынының балалары. Сонымен қатар, бірнеше адам зардап шеккен.
Vijesti телеарнасының хабарлауынша, атыс алдында барда төбелес болған. Полицияның мәліметінше, атыс мафия арасындағы жанжал емес, қарапайым тұрмыстық дау болған, деп хабарлайды dpa. Атқан адам қашып кеткен.
Кейінірек ішкі істер министрі шабуылшының қала орталығындағы үйінің жанында өзін өлтірмек болғанын айтты. 45 жастағы ер адам алған жарақаттарынан ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болңан.
Черногория үкіметі шұғыл отырысында 2, 3 және 4 қаңтарды қаралы күн деп жариялау туралы шешім қабылдады. Премьер-министр Милойко Спаич медициналық орталығының тікелей эфирінде болған оқиғаны «трагедия» деп атады.
dpa агенттігінің мәліметінше, Черногория мен басқа Балқан елдеріндегі адамдардың көпшілігі лицензиясыз атыс қаруына ие.
Цетина - Черногорияның ежелгі астанасы, қала халқы шамамен 14 мың адам. 2022 жылдың тамызында қарулы адам сол жерде он адамды атып өлтірген еді.