Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:30, 21 Шілде 2023

Цифрландандыру – жедел қызметке мүмкіндік

None
None

Қарағанды облысы цифрландырудың көрсеткіші бойынша еліміздегі үлгілі үштіктің қатарына енеді.

 Өңірде қағаз жүзінде қызмет көрсету  үрдісі жыл сайын кеміп келеді.  Мәселен, коммуналдық қызметтер  бойынша шарт жасасу, коммуналдық ақыны төлеу цифрлы технологияның  арқасында қолжетімді болып отыр.  Халық қызметтің бұл түрін  «IqaIa» коммуналдық қызмет сайты арқылы жүзеге асыруда. Онда өңірдегі ірі монополист: «Қарағанды-Жарық», «Теплотранзит-Қарағанды», сондай-ақ «Қарағандыэнерго саласы» компаниясының 26 қалалық қызметі цифрландырылған. Тұтынушылардың өтінімі операторға келіп түскен бетте бірден өңдеуге жолданады.

– Сайт жыл басында іске қосылды. Қызмет түрлері мен қызмет көрсетушілердің тізбесі күн сайын толықтыру үстінде. Сайтқа алдымен ірі қалаларды шоғырландырып аламыз, кейін ол облыс аумағын толық  қамтитын болады. Тұтынушылар қалалық  қызметтер сайтына өтініш қалдыру үшін ЭЦҚ қажет. Биыл кеншілер шаhарының тұрғындары үшін тағы бір цифрлық мүмкіндік туғызылғанын айта кеткен жөн. Ол – геоақпараттық портал арқылы халыққа жер учаскесін беру процесі ашық жариялана бастады. Порталдың ауқымы кең. Онда жоспарлаудың түрлері мен инженерлік желілердің картасы ұсынылған. Бүгінде осы саладағы қызметтің 7 түрі цифрландырылды. Олардың қатарында жер учаскесінің нысаналы мақсатын белгілеу және өзгерту тетігі де бар, – деді бізге цифрлық шешімдерді қалай енгізгенін түсіндірген ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және мұрағаттар басқармасының басшысы Рустам Байжанов.

Басқарма басшысының айтуынша, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы төл платформаларын қажетті ақпараттық ресурстармен толықтыру үстінде. Бүгінде цифрлы платформаларға қосылған  мемлекеттік ведомствоның AI мамандарын аталған басқармада оқу тәжірибелік курсынан өткен.

– Алдағы жоспарымыздың ауқымы кең. Биыл хаб және мектеп кеңістігін кеңейту аясында, венчурлық қор құру міндетін алға қойып отырмыз. Осы бағытта курстар бастау үшін R&D орталығын ашсақ деген арманымыз бар, – дейді Р. Байжанов.

Аймақта сонымен қатар «Қауіпсіз қала», «Senim 109» платформасы цифрландыру жүйесіне қосылған.

Тегтер: