Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:39, 28 Наурыз 2023

Цифрландыру саланы серпілтті

None
None

Cоңғы жылдары жүзеге асырылып жатқан белсенді цифрландыру жұмыстары отандық сот жүйесін түбегейлі өзгертті.

Жұмыстың заманауи форматтары IT өнімдерді енгізу арқылы сот жүйесінің серпілгенін, барынша уақыт сұранысына сай бейімделгенін байқап отырмыз. Бұл өз кезегінде халықтың сотқа деген сенімін арттырып, жүйе жұмысын да жеңілдетті.

Егер бұрын сот отырысы хатшысының жұмыс уақытының көп бөлігі сот талқылауы хаттамасын қолмен немесе машинамен жазу тәсілімен дайындауға жұмсалған болса, енді хатшы сот отырысының барысын дыбыс, бейнежазбаның техникалық құралдарының көмегімен тіркейді. Ал бұл халықтың сотқа деген сенімін арттырды. Атқарушылық парақтар атқарушылық іс жүргізудің ақпараттық жүйесімен интеграцияланған «Төрелік» сот органдарының ақпараттық жүйесінде қалыптастырылады, яғни сот актілері автоматты режимде орындауға жіберіледі. Тағы бір жаналық – қашықтықтан немесе виртуалды деп аталатын процестер сот жұмысын барынша оңтайландырды. Қазір халық сот ғимаратынан тыс жерде сот отырысына қатысады. Сотқа арнайы смс шақырту арқылы келеді. Мұның барлығы еліміздегі сот процесін жаңғыртты.

Сот отырысының хатшысына «виртуалды» сот процестерін ұйымдастыруда ерекше рөл берілді. Хатшы процеске қатысушыны сот отырысы залына сапалы әрі үздіксіз қосуды қамтамасыз етуге, оған Skype, Zoom, NrueConf және т.б. бейнеконференцбайланыс жүргізудің түрлі бағдарламалары мен қосымшаларын қалай дұрыс пайдалану керектігін үйретуі тиіс. Соттардың жұмысына сандық технологияның қазіргі заманғы форматтарын енгізу сот отырысының хатшыларынан үнемі өз бетінше білім алуды, біліктілік деңгейін, оның ішінде компьютерлік сауаттылық мәселелерін де арттырып отыруды талап етеді. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының жанындағы Сот төрелігі академиясына ерекше рөл беріледі, ол сот отырысының хатшылары үшін біліктілікті арттыру курстарын тұрақты түрде ұйымдастырады және өткізеді. Бұл шын мәнінде сот қызметкерлеріне жасалып отырған зор мүмкіндік.

Бүгінде соттар қағазбастылықтан арылып, электронды технологияға негізделген, заман талабына сай, оңтайлы, қолжетімді, ашық сот процестері базасы жасалды. Бұрынғыдай емес халық тарапынан шағымдардың азаюы халықтың сот жүйесіне сенімі артып келе жатқанын аңғартады. Осы ретте соңғы уақытта Жоғарғы сот жүргізіп жатқан сот жүйесін цифрландыру жұмысының қарқыны көңілге қуаныш ұялатады. Сот жүйесін цифрландыру – сот жүйесінің қызметін кеңейтіп, әділ сот жүйесін нығайтуға өз үлесін қосып қана қоймай, сонымен қатар кез келген заңсыздықты уақытылы алдын алып, дер кезінде төтеп бере алатын жағдайға да жеткізгенін көзіміз көріп отыр. Осы орайда сот жүйесі толық цифрландыруға өткен жағдайда сот жүйесіндегі оқылықтар мен кемшіліктердің шешімі табылып, азаматтардың да сот билігіне деген сенімі артып, одан әрі нығаяры сөзсіз.

Тегтер: