Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:33, 22 Ақпан 2023

Цифрлы Қазақстанның нәтижесі қаншалықты оңтайлы?

None
None

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылы 15 шілдеде «кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды, ақпараттық қауіпсіздікті дамыту және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойған болатын.

Бүгінде елімізде цифрландыру жүйесі кезең-кезеңімен жүзеге асып келеді. Цифрландыру жүйесін дамыту мақсатында IT мамандарын даярлау қарқынын күшейту жобасы іске асырылуда. Жас мамандарды тарту мақсатында бағдарламалау мектептерінде білім алуға арналған арнайы гранттар қарастырыла бастады. 2025 жылдың соңына дейін кемінде 20 мың білікті IT маманын дайындау жоспарлануда.

Бүгінде 2 миллионға жуық адам елімізде халыққа қызмет көрсету орталығына барып құжат тасып жүрмейді. Қазіргі таңда жеке тұлғаға қатысты көптеген құжаттарды электронды түрде үйде отырып рәсімдеуге болады. Әсіресе жеке тұлғалар үшін түрлі анықтамаларды цифрлық  қолтаңба арқылы алу көптен бері қолданылып келе жатқан оңтайлы іс болды. Қазіргі таңда азық-түлік, киімдер мен түрлі бұйымдарды алу үшін үйде отырып төлем жасау, түрлі мемлекеттік қызметтерді бірыңғай eGov порталы арқылы тұтыну тәрізді жұмыстардың өзі елдегі цифрлық дәуірдің айтарлықтай жетістігі деп айтсақ та болар. Цифрландыру елдің экономикасын дамытудан бөлек, әлеуметтік салаларға да оң әсерін беріп отыр. Білім беру денсаулық сақтау саласында цифрлық жүйе арқылы түрлі бағдарламалар жұмыс жасап келеді.

«Цифрлық Жібек жолы» бағыты бойынша ауылдық елді мекендерде ғаламтор қолданудың кең жолақты желісін енгізу арқылы жоғары технологиялық цифрлық инфрақұрылымды құру әр аймақта жүргізілуде. Цифрландыру жобасының бірі IQala коммуналдық қызметтер сайты соңғы бірер жылда қарқынды іске қосылған. Мұнда қала тұрғындарына онлайн форматта коммуналдық қызметтерді ұсынуға шарт жасасуға, онда тұратындардың санын азайтуға, қызметтерге ақы төлеу сомасын төмендету бойынша қызметтер жасалады.

Геоақпараттық порталдың да нәтижесін халық пайдалануда.Биылғы жылдан бастап Қарағанды қаласының тұрғындары геоақпараттық порталдың игілігін пайдалана алады. Бұл порталдың арқасында жер учаскелерін беру процесі баршаға ашық түрде жүргізіле бастады. Бүгінде платформаға әр түрлі ақпарат көздерінен мәліметтер қосып, мемлекеттік орган мамандарын порталды жан-жақты меңгеру үшін арнайы оқытып шыққан. Портал арқылы заңды және жеке тұлғалар бос тұрған жерлерді көре алады. Мұнда кіру ЭЦҚ арқылы жүзеге асырылады және мұндағы ақпараттар үшінші тұлғаға қолжетімді болмайды, қауіпсіздік жоғары дейді мамандар. Осы портал тәрізді әр саланың мүмкіндігін қамтыған жүйелер «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасына сай кешенді түрде жүргізіліп келеді.

Тегтер: