Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:00, 13 Сәуір 2023

Цифрлық майнингтің жұмысы реттеледі

None
None

Елімізде цифрлық даму бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған жобалар жүзеге асырылып келеді.

Оның ішінде цифрлық майнинг ұйымының жұмысында айтарлықтай өзгерістер бар. Соңғы деректер бойынша Қазақстанда биыл 260 цифрлық майнинг ұйымы өз жұмысын бастаған көрінеді.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ресми сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, былтырғы жылдың желтоқсан айында цифрлық майнинг саласында жұмыс істейтін 65 ұйым өздері жасаған қызмет жайында есеп берген.

«2023 жылдың 31 наурызындағы жағдай бойынша 260 ұйым цифрлық майнинг саласындағы қызметтің басталғаны туралы және 59 ұйым цифрлық майнинг өндірісіне арналған инфрақұрылымды ұсыну туралы ресми түрде министрлікті хабардар етті. Сондай-ақ 65 ұйым 2022 жылдың 4 тоқсаны бойынша тоқсандық ақпаратты жіберді», – деп есеп берді министрлік.

Бұл елімізде цифрлық майнингпен айналысатын ұйымдардың қарқыны жүріп келе жатқанынан хабардар етеді. Алдағы уақытта Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне цифрлық активтер мен майнингті реттеу үшін қосымша құзырет берілуі мүмкін. Сонымен қатар елімізде бұдан былай майнинг қызметі жүйелі түрде реттеліп отырады. Енді электр энергиясын жалпы электр жүйесінен тікелей тұтынуға цифрлық майнерлерге тыйым салынады. Олар тоқ қуатын жалпы энергетикалық жүйеде – профицит болған жағдайда ғана және тек электр энергиясы мен қуат нарығының Қазақстандық оператор биржасы арқылы сатып алуға ғана мүмкіндік беріледі. Мұнда баға шектеулері алынып тасталып, сауда тек нарықтық тетіктермен жасалады.

Тегтер: