Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:00, 08 Қараша 2024

CNN Алматыны Орталық Азияның мәдени астанасы атады

1
Фото: из открытых источников

Америкалық CNN ақпарат құралы бүгін Алматы қаласы туралы мақала жариялады.

«Соңғы жылдары әлемнің түрпір-түкпіріндегі қалалар үлкен өзгерістерге ұшырап жатыр, бірақ солардың ішінде Алматы ерекше құлпыра түсті. КСРО ыдырағаннан бері Қазақстанның ең ірі қаласы (халық саны 2,2 миллионнан астам) ескі кеңестік мегаполистен Орталық Азияның жұлдызды қаласына айналды»,- деп басталатын мақала қаланың тарихынан бастап қазіргі тіршілігіне дейінгіні қаузаған.

Қалада әлемдегі ең әдемі метро жүйелерінің бірін тұрғызылғаны, банктік және қаржы орталығы ретінде гүлдене түскені, өзінің ежелгі базарларын сақтап қана қоймай заман талабына сай сәнді бутиктермен және сауда орталықтарымен толықтырылғанын және дәстүрлі гастрономиясын хас гурмандар бағалайтын нео номадтық бағытқа икемдегенін де жазған: «Алматы Орталық Азияның мәдени және өнер орталығы ретінде де қалыптасып келеді. Онда қазірдің өзінде бірнеше әлемдік деңгейдегі мұражайлар және келесі жылдың басында ашылуы жоспарланған тамаша жаңа мәдениет орталығы бар».

1
Фото: из открытых источников

Мақала жазарда журналист бірнеше алматылықтан сұқбат алған, солардың бірі АҚШ-тан Қазақстанға қоныс аударған Walking Almaty негізін қалаушы Деннис Кин: «Бұл өмір сүруге керемет қала. Жасыл және таза. Сізге көлік қажет емес. Мұндағы қоғамдық көлік жүйесі керемет. Бұл Орталық Азиядағы заманауи өнер мен мейрамханалардың орталығы екені сөзсіз», - дейді.

«Бұл өлкеде мыңдаған жылдар бойы адамдар өмір сүрсе де, көпшілігі Қытай мен Еуропа арасындағы ұлан-ғайыр дала мекен еткен көшпелілер болды»,-делінген.

Соңында қалаға келуші туристерге көліктен бастап, қонақүй, мейрамханаларға қатысты нұсқаулықтар ұсынылған.

Тегтер: