CNN: Путин-Трамп кездесуіне дайындық жеделдетілуі мүмкін

Зеленский мен Трамптың Ақ үйдегі қоғамдық дауы жағдайында Ресей АҚШ-пен келіссөздері алдағы апталарда жеделдетіледі деп күтеді, деп хабарлайды CNN.
Мәскеу АҚШ-Ресей қарым-қатынастарын қалпына келтіру жөніндегі келіссөздердің алдағы апталарда жалғасуын, тіпті жеделдеуін күтуде. Екі ел президенттерінің кездесуіне қарқынды дайындық барысы да жеке талқылануда, деп хабарлады CNN жексенбі, 2 наурызда.
Ақ үйде Украина мен АҚШ президенттері Владимир Зеленский мен Дональд Трамп арасындағы сөзталас кезінде Мәскеуде «оптимизм артты», деп жазады CNN. Эр-Риядтағы Ресей-Америка келіссөздеріндегі Кремльдің үш өкілінің бірі Кирилл Дмитриев телеарнаға берген сұхбатында АҚШ-пен ынтымақтастық «энергетикалық келісімдерді» қамтуы мүмкін екенін айтты.
Бұған дейін Дмитриев әлеуметтік желіде Трамп әкімшілігін «адамзат үшін жақсы болашақ құруға», атап айтқанда «инвестицияларға, экономикалық өсуге, жасанды интеллекттегі серпілістерге және Марсты зерттеуге» назар аударуға шақырған.