Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Кеше, 15:30

CNN: Трамп командасы Зеленскиймен жасырын келіссөздер жүргізген

Зеленский мен Трамп
Видеодан скриншот

Украина президентін көндіруге Ұлыбритания премьер-министрі Кейр Стармер де көмектесті. Келіссөздерге қатысқандардың арасында Трамптың Украина бойынша арнайы өкілі Кит Келлог да болған.

Дональд Трамп әкімшілігінің шенеуніктері Украина президенті Владимир Зеленскиймен және оның командасымен Ақ үйдегі даудан кейін «Ақ үймен қарым-қатынасты қалыпқа келтірудің маңыздылығын атап өту үшін» жасырын келіссөздер жүргізген. Бұл туралы CNN екі дереккөзіне сілтеме жасап хабарлады.

Мәліметтерге қарағанда, келіссөзге қатысқандар арасында Трамптың Украина бойынша арнайы өкілі Кит Келлог да болған. Трамп әкімшілігінің шенеуніктері украиндарды сирек металдар бойынша келісімді «мүмкіндігінше тез» қалпына келтіруге шақырды.

The Times газетінің өз дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлауынша, Украина президентін көндіруге Ұлыбритания премьер-министрі Кейр Стармер де көмектескен.  Стармер Зеленскиймен 4 наурызда телефон арқылы сөйлескен. Әңгімелесу барысында ол Зеленскийге «Трамптың естігісі келетін кейбір нәрселер бар» екенін, оның ішінде Зеленскийдің Ақ үйдегі кездесуді дұрыс өткізбегенін мойындағанын қалайтынын жеткізген.

Зеленский бұдан кейін Ақ үйдегі кездесу «күткендегідей өтпеді» деген хабарлама жариялап, өкініш білдірді.

«Біз болашақ ынтымақтастық пен диалогтың сындарлы болғанын қалаймыз», - деп жазды Зеленский.

Сирек металдар туралы келісімге 28 ақпанда қол қойылуы керек еді, бірақ Зеленскийдің Вашингтонға сапары кезінде Трамп пен вице-президент Джей Ди Вэнс арасында дау туды. Осыдан кейін Зеленский Ақ үйден мерзімінен бұрын кетіп қалды.

4 наурызда Reuters ақпарат көздеріне сілтеме жасап, АҚШ пен Украина келісімге қол қоюға дайындалып жатқанын және Трамп бұл туралы Конгресске сөйлеген сөзінде жариялауға ниетті екенін хабарлады.