Цой деген кім? Біртанов неге кетті?
Денсаулық сақтау министрінің аяқастынан отставкаға кетуікөптеген қауесет тудыруда
Өткен аптада денсаулық сақтау министріЕлжан Біртанов қызметінен кетті.
Рас, коронавирусдағдарысы кезінде министрдің өзі коронавирус жұқтырды. Жалпы,денсаулық сақтау министрлігі жұмысының мүлдем тиімсіз болғанын дәлелдеп жатудыңқажеті жоқ. Біртанов мықты дәрігер шығар, бірақ қазіргідей, бұрын-соңдыболмаған жағдайда індеттің бетін қайтаруға қауқарсыз екенін көрсетті.
Ең алдымен министр Біртанов орталық пеноблыстағы департаменттер арасындағы өзара келісілген ортақ іс-әрекеттер шарасынүйлестіре алмады. Коронавирус қарапайым қазақтарды қойып, парламенттің екіпалатасы мен үкіметке дейін жетті, жоғарғы билік эшелонында тіпті «жаппайөзін-өзі оқшаулау науқаны» басталып кетті.
Кезінде Біртановты министр етуге солкездегі премьер-министр Бақытжан Сағынтаев ықпал еткен деседі, өйткені екеуіде Жамбыл облысының тумасы, ошақты руынан тарайды. Біртановтың министркреслосынан кетуі көпшілік үшін күтпеген жаңалық болды. Соның әсері шығар,қазір бұл жаңалыққа байланысты көптеген қауесет тарап жатыр. Біреулер жұқтырғанкоронавирусы ауыр формадағы кесел боп шығып, COVID-19 шынымен де Біртановтыңтүбіне жететін түрі бар дейді. Енді біреулер коронавирусқа тап болған биліктіңжоғарғы эшелонындағы лауазым иелері кінәлі адамды іздегендей, әрекет ретіндебұған тікелей кет деген болуы керек дейді.
Рас, экс-министріміз коронавируспен ауырыпқалып, қазір емделіп жатыр. Бірақ оның қазіргі жағдайы «орташа деңгейде» депбағаланады: министрдің лауазымынан жылдам айырылып қалуы оның тікелей денсаулықжағдайына байланысты деуге болмас. Шындығында, Біртанов пен оның министрлігіне тымүлкен салмақ түсіп кетті. Бұл министрлікте коронавирустан басқа да қиын проблемаларжетіп-артылады.
Ұзынқұлақтан жетіп жатқан кей ақпаратбойынша, экс-министр Біртанов өзінің имиджі мен абыройына қатты алаңдап, өзінеқатысты сын-пікірлерден мадақтау басым болу үшін пиармен айналысатын «SuccessK» компаниясының көмегіне жүгініп, әлгілерге 2 миллион долларға жуық ақша бөлгенкөрінеді. Журналистер анықтағандай, аталған компания «Міндетті әлеуметтікмедициналық сақтандыру» мемлекеттік бағдарламасының пиарына бөлінген тендердіжеңіп алған. Бірақ ол мемлекеттік қаражат емес, қайтарымы бар Дүниежүзілік банкбюджетінен бөлінген қаражат екен. Сонда да «Success K» компаниясының басшылары ЛәззатКөккөзова мен Ерлан Асқарбеков дегендердің қалтасына кеткен-мыс. Ол аздай,компанияның мемлекеттік қаражатты да меншіктеп үлгергені туралы да айтылады.Ендеше, жақын арада «Success K» компаниясының тірлігімен сыбайлас жемқорлыққақарсы іс-қимыл агенттігі айналысуы бек мүмкін.
Шынында да, Біртанов-министрдің тұсында денсаулықсақтау министрлігінің бірнеше брифингі әдеттегідей мемлекеттік шенеуніктердіңбаспасөз жиыны өтетін орталық коммуникациялар қызметінде емес, «Success K»компаниясының студиясында өткен. Бұл да кезінде журналистер тарапынан сұрақтартуындатқан, министрлік осы пиар-агенттікке қанша ақша төлеп жатыр дегендей. Коронавирус жағадан алғанда, осындай дау-дамайлар етектентартып, Біртанов тіпті әкім Көлгінов пен Шөкеев, министрлер Тұрғымбаев пенАймағамбетовтермен сөзге келіп қалған деседі. Эмоционалдық салмақты көтереалмаған министр өз қарамағындыларға дауыс көтеріп, басшыларына сөз қайтаратынкүйге түссе керек. Өңірлердегі департаменттердің орталықтан келетін нұсқауларды орындамайқоюының бір себебін осымен байланыстырады. Рас, министр алай дегенде, вице-министрлер былай депжатты, бас санитарлық дәрігер мен облыстардағы денсаулық сақтау басқармаларыныңжетекшілері тіпті басқаша сайрап жатты, бұл жерде нақты нұсқаулықтардың қайсысына сенерінбілмеген халық дал болды.
Бірақ енді өз еркімен кетіп қалғанБіртановқа ешкім тиіспейді деген жорамал жүр. Ел басшылығының пікірінше,экс-министр Біртанов күрделі кезеңде бар соққыны өзіне алып, бір жағынан,коронавируспен алысып, екінші жағынан, денсаулық сақтау туралы кодекстіәзірлеуге барынша атсалысты. Сол үшін оны кешіреді. Шыны керек, Елжан Біртанов министрлікте тіпті өзкомандасын қалыптастырып та үлгерген жоқ: оның тұсында министрліктің беделінекелтірілген нұқсанға оның қолынан түк келмейтін орынбасарларын да кінәлауғаболады. Орынбасарларын күшейту үшін алдымен вице-министр болып Алексей Цойтағайындалды, бірақ үш күннен кейін Цой Біртановтың орнын басты.
Алексей Цой – ҚР Президенті іс басқармасынақарайтын емхананы басқарған, Ақорданың сеніміне ие болған тәжірибелі басшы. Коронавирусдағдарысынан қалай құтыламыз деген мәселеге өзіндік көзқарасы бармаман дейді. Бірақ тура Цойдың тағайындалуы алдында президент Тоқаевтыңлауазымды қызметтерге қазақ тілін жетік меңгерген мамандар ғана тағайындалуы тиісдеген сұхбаты шығып қойып, Цойға қарсы қазір шабуыл үдеп жатыр.Президентті жаманатты қылмау үшін Цой да жанталасып Абай өлеңдерін жаттап,мемлекеттік тілді меңгеруге кіріскен сыңайлы. Бірақ қазақшаға судай Біртановтыбұл қасиеті құтқара алмағанын ұмытпау керек.
«Жас Алаштан» анықтама
Алексей Владимирович Цой 1977 жылы 2сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Sells College (Лондон),Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының аспирантурасын, Оңтүстік Қазақстанмемлекеттік медицина академиясын, «Дәнекер» халықаралық құқық және халықаралықбизнес институтын, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы жәнемемлекеттік қызмет академиясының корпоративтік басқару жоғары мектебінтәмамдаған.
Стэнфорд университетінде (АҚШ), Сингапур,Мәскеу, Германия, Ұлыбритания және т.б. елдерде тағылымдамадан өткен. Іскерлікәкімшілендіру докторы, медицина ғылымының кандидаты. Хирург-эндоскопистболып жұмыс істеген, Қалпына келтіру хирургиясы және трансплантологияорталығының аға ғылыми қызметкері, Ұлттық ғылыми медицина орталығының ішкі медицинаорталығының жетекші ғылыми қызметкері, «Еуроазиаттық респираторлық қоғам»қоғамдық бірлестігінің бас хатшысы, ҚР Президенті іс басқармасының заманауимедициналық технологияларды енгізу орталығының директоры, ҚР Президенті ісбасқармасының медициналық орталығының басшысы, Астана қаласы №1 қалалықауруханасының бас дәрігері, денсаулық сақтау және әлеуметтік дамувице-министрі, денсаулық сақтау вице-министрі қызметтерін атқарған.
2019 жылғы ақпаннан бастап ҚазақстанРеспубликасы Президенті іс басқармасының медициналық орталығын басқарды, 22маусымда денсаулық сақтау бірінші вице-министрі болып тағайындалды.
Әділ АНЫҚБАЙ