Цой қызметтен кетуіне байланысты мәлімдеме жасады
Алексей Цой қызметтен кетуіне байланысты мәлімдеме жасады. Ол өз мәлімдемесінде былай деді:
"Құрметті достар, әріптестер!
Бүгін менің азаматтық секторға көшу және ғылым мен әлеуметтік бастамалар арқылы денсаулық сақтауды дамыту туралы шешімімді қолдады. Мемлекет басшысы COVID-19 бойынша жағдайды тұрақтандыруды, Денсаулық сақтау жүйесінің әлеуетін арттыруды тапсырды. Біз эпидемиологиялық қауіп-қатерлерге ден қою үшін жағдай жасадық: әр өңірде жаңа инфекциялық ауруханалар салынды, жедел жәрдем машиналарының паркі, жасанды тыныс алу аппараттары, ауылдағы жылжымалы медициналық кешендер жаңартылды, отандық фармацевтика өнеркәсібі өнімділіктің жоғары өсуін көрсетеді, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қажетті қоры жасалды, СЭС пен зертханалық қызметтің әлеуеті артты, QazVac вакцинасы шығарылды және тағы басқалар", — деді экс-министр.