Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
07:35, 07 Шілде 2020

Цой сойып тұрып айтқан екен, бірақ...

  Жалпы, бізқызық халықпыз, өзімізді өзіміз мақтап-мадақтағанда алдымызға жан салмаймыз.

Сөйтіп жүргенде ата-бабамыз қастерлеген сөз киесінен айырылып қалғандаймыз.Оған көз жеткізу үшін әлеуметтік желіні қарасаңыз да жетіп жатыр. Ол жерде не айтылмайдыдерсіз. Әлбетте, мұны, бір жағынан, түсінуге де болар, карантинге қамалған халықтыңуақыт өткізетін басқа ермегі қалмады емес пе? Сондықтан өздерін мазалағанмәселелер туралы ойын осы әлеуметтік желіге, түрлі мессенджерлерге жариялайды.Жасыратыны жоқ, олардың арасында көптің көкейінде жатқан дүниелерді қозғап, орындыайтылған пікірлер де жетіп-артылады. Мұның бәрі дұрыс, оған ешкімнің таласыжоқ.

   Бірақ соңғыуақытта еріксіз «Айтылмаса – сөз жетім» деп, ешкімнің бет-жүзіне қарамай,шындықты бетке айтатын қасиетімізден айырылдық па деп налисың. Мұндай ойғасоңғы кезде WhatsApp мессенджерінде желдей есіп жүрген бір жазба жетелейді.Күні кеше Елжан Біртановтың орнын басып, денсаулық сақтау министрі атанған Алексей Цой айтты делінген жазбадабылай делінген: «Forbes журналындағыбарлық олигархтардың бүкіл активтерінің сомасына 20 пайыз көлеміндегі бірреттіксалық салынсын, бұл төлем «Отанға көмек» деп аталынсын. Олар 28 жыл бойы халықжәне  Конституцияның ескі редакциясынасәйкес, халыққа тиесілі болған еліміздің қазба байлықтары есебінен осындайкөл-көсір дәулетке қол жеткізді. Қазіргідей, ел басына күн туған сәтте, бүкілхалық коронавируспен күресіп жатқанда олар да осыған атсалысып, Қазақстанхалқына алғыс айтатын кез келді. Осы төлемнен түскен ақша дәрі-дәрмек, өкпеніжасанды желдету (ӨЖЖ) аппараттарын, жедел жәрдем көліктерін, ауруханалардыжарақтандыруға және коронавирусқа қарсы күреске арналған жаңа стационарларғақұрал-жабдықтар сатып алуға жұмсалсын».        

     Әлбетте,орынды айтылған сөз. Бірақ Алексей  Цойтарапынан айтылған ресми ақпараттарды ақтара отырып, мұндай ұсыныстарды сөзқылған хабарды кездестіре алмадым. Мені қынжылтқаны, міне, осы тұс. Сондаелімізде осындай орынды ұсынысты ашық айтуға қабілетті қаракөз азаматтыңтабылмағаны ма?! Жоқ әлде тоқ тіршіліктің ақиқаттан қымбат болғаны ма? Әйтпесеқара жердің иесі – қазақ азаматы тарапынан айтылуға тиіс орынды талапты, жұрткөңілінен шығатын пікірді неге басқа ұлт өкіліне телиміз? Жоқ әлде қылышынанқан тамған Сталинге қасқайып қарсы тұрған Алаш арыстарының, Қазақстанның бесоблысын Ресейге қоспақшы болған СОКП бас хатшысы Никита Хрущевқа «БіріккенҰлттар Ұйымына шағымданамын» деп қарсы шығып, елімізді бөлшектеуге жол бермегенЖұмабек Тәшенов ағамыздың, күні кеше тәуелсіз Қазақстанның алғашқы парламентітөрінен «елдің қазба байлығы қайда» деп мәселе көтерген Шерағаның – ШерханМұртазаның қазіргі ізбасарлары «киімнің көктігін, қарынның тоқтығын» місе тұтып,үн-түнсіз отыра бермек пе?!        

     Парламенттеайтқан сөзінде Шерхан Мұртаза: «Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді» дейді.Біздің жас мемлекетіміздің қақпағы ашылған көрінеді, сондықтан ұятыкеткендердің талан-таражға салып жатқаны ашылып жатыр. Жай ғана жалаң сөз емес,нақты фактілермен айтты. «Мына жерде табыс-кіріс көзі дейтіндер бәрікөрсетілген, салықтан түсетін, анадан-мынадан түсетін кіріс, астық сатудантүсетін кіріс, ал бірақ мұнайдан, көмірден, алтыннан, күмістен, мыстан түсетінкіріс деген жоқ мынаның ішінде, соның бәрі қайда кетті десең, мінеки, жаңаайтылып отыр», – деген Шераға ары қарай «осы біз Америкадан Жапонияға дейіннесие алып жатқанымызды» алға тартып, «соның барлығының бас-аяғы қанша,  қай жерге жұмсалды, қай мақсатқа кетті –осының көзін ашу керек» деді. Соның барлығын анықтауды тілге тиек еткен халыққалаулысы: «Қақпақты ашып тастап, құр сөзбен көбік шашып отырғаннан пайда жоқ,соның көзін табайық», – деген-ді. Сөзін аяқтай келе, ол: «Соның көзін табайық,халықты сөйтіп жарылқамасақ, басқа күш жоқ. Мына басшылықты білмеймін, қолынанол әрекет әзір келетін емес, мына сіз бен біз, халық сенген депутаттар, осыныңкөзін ашып, нақтылап, халыққа өзінің дәулетін өзінің қолына берейік», –деген-ді.

      Содан бері 26жыл өтіпті, бірақ «халықтың байлығын өз қолына берейік» деген аға аманаты солсөз күйінде қалған сыңайлы. «Аманатқа қиянат жасама» деген қазақ едік, бірақосы бір даналықты неге ұмыт қалдырдық? Өйткені ширек ғасырдан бұрын айтылғансөз әлі күнге дейін күн тәртібінен түскен емес, керісінше, өзектілігі күшейетүскендей – қазіргі таңда коронавируспен арпалысып жатқан халық осы күрескеқыруар қаржының бөлінгеніне қарамастан, қарапайым дәрілерді таба алмай зарилеуде.  

ДәуренҚАЙЫР

 

Тегтер: