Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
18:14, 13 Маусым 2019

Cот митингілерге қатысқан 957 адамды жазалады

Cот митингілерге қатысқан 957 адамды жазаладыБұл туралы 13 маусымда орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде бас прокуратураның қоғамдық мүддені қорғау қызметінің басшысы Сапарбек Нұрпейісов хабарлады.
«Бас прокуратура заңсыз шерулер ұйымдастыруға жол берілмейтіні туралы бірнеше рет мәлімдеді. Бірақ, арандауға түскен астана және басқа қалалардағы кейбір тұрғындар наразылық білдіріп шеруге шықты. Өздеріңіз видеороликтен көргендей,  полиция қызметкерлеріне қарсы күш көрсетілген. Соның салдарынан әйелдер мен балалардың өміріне де қауіп төнді. Үш полиция қызметкері жарақаттанды. Митинг кезінде  полиция қызметкерлері арнайы құралдарды пайдаланбаған.Әкімшілік, прокуратура және полиция қызметкерлері  митингіге қатысқандар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді», — деді ол.Айтуынша, заңды бұзғандарға әртүрлі әкімшілік жаза қолданылған.«Сот митингілерге қатысқан 957 адамды жазалады.Олардың 670-і қамалып, 115-іне айыппұл салынған,172 адамға ескерту жасалды»,- деп мәлімдеді.311 адам қамау мерзімін қысқарту бойынша сотқа апелляция түсірді. Сот олардың апелляциялық шағымын қарап, 311 адамды босатты. «Мемлекет басшысы қамауға алынған азаматтардың заңды құқықтарын қамтамасыз етуге бұйрық берді. Прокурорлардың қадағалауымен 311 адамның отбасылық жағдайын, жеке басын және басқа да аспектілерін ескере отырып, сот оларды босатты», — деді Сапарбек Нұрпейісов.«Бүгін тағы 63 адам қамаудан шығады. Ал уақытша қамау абақтысында 180 адам жазасын ары қарай өтей береді.Оның 80-і Нұр-Сұлтан қаласында болса, қалған 100-і Алматыда отыр. Олар 6-15 тәулікке кесілген», — деді Нұрпейісов. 

Фото: m.news.yandex

Тегтер: