05:17, 26 Қазан 2020
COVID-19: 119 адамның жағдайы ауыр
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 042 адам ем қабылдауды жалғастыруда.
Олардың арасында 246 жеткіншек бала бар. Стационарларда 2 283 науқас жатыр. 759 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
️COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметінше, жалпы, науқастардың арасында 119 адамның халі нашар. Соның ішінде 13 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағалануда. 18 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр