Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:36, 30 Наурыз 2020

Covid-19: әлемдік және қазақстандық қорға қанша қаржы жиналды?

Әлемдік және қазақстандық байлар індетті ауыздықтауға қанша қаржы шығарды?

Бүгінде 180-нен астам елде тарағанкоронавирус адамзатты алаңдатып отыр.

Індетпен күреске әлемдегі танымалбизнесмендер, футболшылар және инвесторлар қыруар қаржы бөліп, қажеттіқұрал-жабдықтарды сатып алуға көмектесуде.

Әлемге әйгіліолигархтардың қайырымдылығы

«Tesla» компаниясыныңиесі, бизнесмен Илон Маск Калифорнияауруханасына 1250 дана өкпені жасанды желдету аппаратын берген. Microsoft-тыңнегізін қалаушы Билл Гейтс болса,коронавируспен күреске 50 млн АҚШ долларын бөлген. Қытайлық миллиардер Джек Ма Африка елдеріне 1,5 млн коронавирустестін, 100 мың медициналық маска мен медицина қызметкерлеріне арналған 1000киім сыйлаған. Сондай-ақ, коронавирусқа қарсы вакцина жасап шығаруға 14 млндоллар қаражат бөлген.

Apple төрағасы Тим Кук АҚШ пен Еуропа дәрігерлеріне 2 млнмедициналық маска сыйлаған. Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаған Марк Цукерберг дәрігерлерге 720 мың медициналықмаска сыйлап, 20 млн доллар қаражат бөлген.

Францияның «Лион» футбол клубы қалалық ауруханаға 300 мыңеуро тарту еткен. «Ливерпуль» футбол клубының ойыншысы Мұхаммед Салах туған жері Мысырға 1 млн 170 мыңеуро көлемінде қайырымдылық жасаған. «Бавария» футбол клубының ойыншылары Леон Горецка мен Йозуа Киммих коронавируспенкүреске 1 млн еуро бөліп, «We Kick Corona» атты сайт жасады. Бұл сайт арқылыадамдар пандемиямен күреске ақша аудара алады.

«Бавария» футболклубының ойыншысы Роберт Левандовски пандемияменкүреске 1 млн еуро бөлді. «Манчестер Сити» футбол клубының ойыншысы Лерой Сане вируспен күреске 500 мың еуробөлген. «Реал Мадрид» футбол клубы коронавирусқа қарсыемге қажетті құралдар мен дәрі-дәрмек сатып алуға 350 мың еуро бөлді. Әлемдегіең бай инвесторлардың бірі Уоррен Баффет коронавируспенкүреске 20 млн доллар бөлді.

«Ювентус» футболклубының басшысы Андреа Аньелли Италияға 10 млнеуро қаржы бөлген. Қаржы Италияның Азаматтық қорғау департаментіне Турин менПьемонт қалаларындағы науқастарға қажетті жағдай жасау үшін жұмсалған.Францияның «ПСЖ» футбол клубы «Французхалқына көмек» ұйымына 100 мың еуро қаржы аударған.

Қазақстандық байларкоронавируспен күреске қанша қаржы бөлді?

Алғашқылардың біріболып «Halyk bank» коронавируспен күресетін медицинақызметкерлеріне 100 млн теңге аударды. Кейін «BI Group» компаниясы дәрігерлерге100 млн теңге бөлді. Бұл туралы компания басшысы Айдын Рахымбаев хабарлады.

Экс-президенткеңсесінің қызметкерлері коронавирусқа қарсы күреске бір күндік жалақысынаударған. Қазақстан Республикасы тұңғыш президентініңқоры коронавирусқа қарсы 200 млн теңге бөлді. Сондай-ақ, қорбасшылығы 50 мың медициналық масканы Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулықсақтау басқармасына берді.

«Верный Капитал»компаниялар тобы 1 миллион АҚШ долларын бөлген. Олигарх Болат Өтемұратов Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына200 миллион теңге бөлді. Сондай-ақ, республикалық көмек қорына 1 млн доллараударған. Кәсіпкерлер Тимур Құлыбаев пен Қайрат Боранбаев індетпен күреске 1 млрд теңгебөлген.

«Бипэк Авто» коронавируспенкүреске 30 көлік берген. Қазақстанда құрастырылған көліктер Нұр-Сұлтан, Алматыжәне Өскемен қалаларындағы жедел штабтарда қызмет көрсетеді. Компанияның басдиректоры Ерік Сағымбаев бұл 30 көлікті күтіп-ұстау шығындары төтенше жағдайкезеңінде толықтай өз мойнында болатынын мәлімдеді.

Болат Назарбаевтың«Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қоры» COVID-19 вирусымен күреске 150 млнтеңге бөлді. Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Серікжан Сейітжанов коронавируспен күреске 100 млнтеңге аударды.

Экс-президенттің баспасөз хатшысы АйдосҮкібайдың айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаевтың үндеуінен кейін республикалық қорға 41млн доллар жиналған. Айдос Үкібай бұл қаражаттың қауіпті инфекцияға қарсыкүреске қажетті жабдықтар – медициналық препараттарды, қорғаныс құралдарын,өкпені жасанды желдету аппараттарын, азық-түлікті және халықтың әлеуметтік осалтоптарына арналған бірінші қажетті тауарларды сатып алуға жұмсалатынын айтты.

Республикалық қорғакім қанша қаражат аударды?

Қазақстандық «Eurasian Resources Group» компаниясы – 10 млндоллар; «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС – 10 млн доллар; кәсіпкер Тимур Құлыбаев – 10 млн доллар; кәсіпкер Кеңес Рақышев – 1 млн доллар; «АТФ» коммерциялықбанкінің иесі Ғалымжан Есенов – 2 млндоллар; «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бақылау кеңесінің төрағасы Рашид Сәрсенов – 2 млн доллар; Кәсіпкер Александр Клебанов – 2 миллион доллар;Кәсіпкер Александр Белович – 2 миллион доллар.

zanmedia.kz

Тегтер: