12:09, 08 Желтоқсан 2020
COVID-19: Алматы сары аймаққа қайта енді
Алматы коронавирус таралу көрсеткіші бойынша «сары» аймаққа қайта кірді, — деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
8 желтоқсандағы деректер бойынша Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары "қызыл" аймақта орналасқан.
«Сары» аймақта: Шығыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Ақмола облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы. Барлық қалған өңір «жасыл» аймақта.
Айта кетейік, 4 желтоқсанда Алматы «жасыл» аймаққа оралған еді.
Бүгінде, соңғы мәліметтер бойынша, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 137 653-ке жетті.