COVID-19: Бетперде камерадан құтқармайды
Әлемнің барлық дерлік елінетарап, пандемия боп танылған коронавирустың COVID-19 түрі адамның бет жүзін танитын камералардың дамуын тездетті.
Бұлкамералар адамның бет жүзінен, атап айтқанда көзі мен мұрны, және ернініңайналасындағы негізгі нүктелерді байланыстыра отырып адам тани алады. Алайда коронавирусел ішіне тараған кезде маска тағып жүруге мәжбүр болған жұртты енді көз бенмұрынның айналасындағы нүктелері арқылы тану мүмкіндігін арттыратын зерттеулержанданып жатыр. Бұдан былай камералар аз, алайда нақты ақпаратпен жұмысістейтін болады. Яғни енді бетіңізді маскамен немесе басқа затпен қаншақымтасаңыз да сізді Face ID жүйесімен тану оңай. Бірақ бұл осы саланы жақсы білетін адамдарүшін жаңалық емес. Стэнфорд университетінің аспиранты Амарджот Сингх пен оныңкомандасы 2017 жылы-ақ бет жүзін жасырған адамдарды тани алатын камералартуралы зерттеуін жариялаған. Олар жасап шыққан алгоритм бойынша көзілдірік,жасанды сақал, каска киген адамдарды тануға мүмкіндік берген. Бұл туралы «Abacus» басылымы жазған еді.
Ал енді бұның бізге не қатысы бар десеңіз,былтыр Қытайға барғанда Hikvision компаниясының штаб пәтеріне кіріп, оларментанысып шыққан соң Қ. Тоқаев Қазақстанға осы бағытта жұмыс істеу керекекендігін баса айтқан еді. «Экранды түртіп қалсаң, адам жайлы барақпарат шығады. Қай жылы институт бітірді, бос уақытында қайда барады, қандайкредиті бар дегендей. Бізге осы бағытта жұмыс жасау керек» деген Тоқаев. Осыдансоң қоғам пікірі қақ жарылып, бірі қолдаса екіншілері қарсы боп жатты. Белсенділермұндай жүйе адам жеке бас деректерін жинайды және мұны билік өз мүддесінепайдаланады деп қауіптенеді. Бұған мысал ретінде Ресейді айтуға болады екен. Олелде де белсендіні сотқа тартқан үкімет осындай камераға түскен бейненіпайдаланған. Белсенділер Қазақстанда да сол жағдай қайталануы мүмкін екенінжоққа шығармайды. Жалпы халықтың пікірі де осыған саяды. Сауалнамадан өтугекелісімін берген адамдардың көп бөлігі «Мұндай мәселелер халықпен ақылдасыпбарып шешілуі керек» деп жауап берді.
2015 жылдан бері Қазақстанда жұмысістей бастаған бұл компания Орталық Азияның басқа елдерінде де әр түрлі жобаныіске асырады. Былтыр осы және басқа да бұған ұқсас компанияларды АҚШ Шыңжандағыаз ұлттарды аңдуға септесті деп айыптап санкция салған еді.
«Негізі, Face ID деген қылмыскерлерді ұстауға арналған құрал. Мұныадамдардың жеке бас ақпаратын жинау үшін қолданудың қажеттілігі жоқ. Себебі бұлартық шығын. Қоғамда сұранысқа ие емес,ешқандай маңыздылығы жоқ. Егер де мұны заңды түрде енгізсе, бұл адамқұқықтарына тікелей қайшы келуі мүмкін»дейді «КЕШ» құқық қорғау орталығының директоры Кәмшат Есмұхамбетқызы.
Ал құқыққорғаушы Ғабиден Жайлин «Барлықақпарат жинақтауға қабілеті бар бағдарламалар белгілі бір шарттар шеңберіненаспайды. Оған келісер де адамдар бар шартты оқып шығуы керек. Ондай компанияларақпарат жинайды, мақсаты бойынша пайдаланады, пайдалану көлемін сақтайды.Ақпаратты комерциялық құрылымдарға беруі мүмкін. Әрине бұл жерде заңсыздықкездесуі ғажап емес» дейді.
Белсенділердің бұған байланыстыалаңдаушылық білдіруі бекер емес. Мысалы, Bloomberg жазғандай, былтырдан бастапҮндістанда осындай камералар пайдаланыла бастаған. Ол алғашында жоғалғанбалаларды табуға көмектеседі деген желеумен орнатылған еді. Бұл камералардан жинақталған ақпараттарадамдарды «қарапайым наразы» мен «агрессия танытатын наразы» деп бөлек жіктейдідеп хабарлады журналисттер. Оның үстіне Үндістан бейбіт шеру кезінде интернетөшіруші елдер арасынан көш бастап тұр екен.
Адам құқықтары жөніндехалықаралық Human Rights Watch ұйымы былтыр жасаған мәліметінде жоғарыдакөрсетілген секілді компанияларды сынап, «Кейбір мемлекеттер сондайкомпаниялардың өнімдерін пайдаланып, тұрғындардың бостандығына қол сұғып жатыр»деген.
Думан ТЕРЛІКБАЙ