Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
07:01, 21 Шілде 2020

COVID-19: Індет іргеден қысқанда еріктілер етекке оралды

Шақырусызкелген коронавирус ешбір тосқауылға тоқтайтын емес. Құтырып барады. Қазір күнсайын кесел жұқтырғандар саны 1600 адамнан асып жығылады.

Мемлекет басшысыҚасым-Жомарт Тоқаев індетке қарсы күрес шараларын тағы бір пысықтап өтті. Барлықминистрлер мен әкімдерге бес күн ішінде ауруханаларды оттегімен толыққамтамасыз етуге тапсырма берді. Дәрігерлерге көмек беру мақсатында жер-жердееріктілер тобы жасақталды. Бірақ сол еріктілерден  дәрігерлерге зияннан басқа тиіп жатқан ештеңежоқ. Алматыдағы коронавирус кеселіне шалдыққандарды емдейтін провизорлықстационар мен сол мекемеге көмек беруі тиіс волонтерларға қарап осындай шешімгекелдік. Тіпті ары-беріден соң, «волонтерлар кең жүректі мейірімді жандар ма,әлде ақпараттық диверсант па» деген сауалға жауап беруден тосырқайтын болдық.

       Әңгіме алматылықволонтерлар «көсемі» Аида Букаева жайында.

Соңғы уақытта фейсбук желісінде Аида Букаева дегенволонтер «ковидпен күресіп жүрген дәрігерлерге көмек беріп жүрміз» деп жиіайтып, жазады. Бірақ Аида Букаеваның көмегінен гөрі байбаламы жер жарады.Түркістан облысын аралап шыққан волонтер-ханым түрлі медициналық мекемегеөзінше баға беріп шықты. Ең қызығы – өзін «денсаулық сақтау министрі АлексейЦойдың «оң қолымын» деп таныстырды. Мейлі ғой, «оң қол» болса, оң қол-ақболсын. Бірақ министрдің сеніміне кіріп алып, өзгелерге зиянын тигізбей жүрсебір жөн ғой.

      Бүгінде АидаБукаева Алматыдағы провизорлық стационардың қызметкерлеріне әбден өшігіп алған.Жақында ғана «Мынау Мақатаев көшесіндегі ауруханадағы кешкі астың түрінқараңыздар! Қымбат дәрі сатып аламыз деп, ашқұрсақ жүрген адамдарды мынандайаспен қалай сүйреп шығамыз?» деп «шырылдады». Шын мәнінде дәл сол күні Мақатаевкөшесіндегі провизорлық стационарда ондай кешкі ас берілмеген. Ол жайында мекемеқызметкерлері пост астында дәлелдеп жазды да. Екіншіден, ковидпен ауырып жатқаннауқастарды тамақтандыру Қазақстан Республикасы үкіметінің 2002 жылғы №128арнайы емдеу-профилактикалық мекемесіндегі адамдарды тамақтандыру туралықаулысы және денсаулық сақтау министрлігінің 2002 жылғы №343 бұйрығына сәйкесжүзеге асады. Белсенді айтқандай, бекітілген ас мәзірін «майлы-қою» тамаққаауыстыратындай ешкімнің басы екеу емес. Сондықтан Аида Букаеваның ауруханадағыас мәзіріне бас қатырып, жалған ақпарат тарататын жөні жоқ.

       Аиданыңекінші байбаламы – қоқыс мәселесі. Аурухана қоқысы график бойынша белгілікүндерде шығарылады. Онымен айналысатын қаланың коммуналдық мекемесі бар. Олмекеме сенбі-жексенбіде  жұмысістемейді.  Өткенде Аида Букаева дүйсенбікүні таңғы сағат алты шамасында келіп алып, қоқыстың бәрін видеоға түсіріпжатты. Бір сағаттан кейін, таңғы сағат 7-де қоқыс тазалайтындар әдеттегідейжұмысқа шығып, қоқысты шығарып әкетті. Сөйтсек, Аида Букаева әлеуметтікжелідегі парақшасында «министр қоқысты шығартып тастатты» деп, елді тағы бірдүрліктірді. Ал шын мәнінде коммуналдық мекеме өзінің жұмысын әрдайым осылайтаңғы сағат 7-де бастайды. 

     Волонтерлардыңтағы бір ерсі қылығы – үстеріндегі қорғаныш киімдерін басып киіп алып, «тазааумақтан» «лас аумаққа» рұқсатсыз өтіп кете береді екен. Бұл жөнінде медицинақызметкерлері былай дейді: «Негізінен, науқастар бөліміне сырттан бөтен адамға кіруге мүлдем рұқсат жоқ. Бірдебөлімшеге білдірмей өтіп кеткен Аида Букаева айқайлап видео түсіріп жүр.Науқастар шошып кеткен. Палаталарынан шығып, үрке қарап тұр. Медбикелердің«шығыңыз» деген сөзін тыңдамайды. Ал ол жерде небір жағдайда жатқан адамдарбар. Оларға мұндай айқай-шу психологиялық тұрғыда қатты әсер етеді. Тағы бірде«демеушілеріміз медқызметкерлерге беріп жіберді» деп, қызыл балық әкепті. Оныбас медбике жұмыс соңында жатақханада тұратын медбикелерге үлестіріп беріп,видеоесеп жіберді. Аида Букаева сонда да әлеуметтік парақшасында «мен апарыпберген қызыл балықты бермеді, бас медбикенің бөлмесінде қалып қойды» деп, тағыда жалған ақпарат таратты.

      Бұл күнде бізнемен айналысуымыз керек екенін білмей қалдық. Аида Букаеваның әрбір айтқансөзін не растап, не жоққа шығарып отырамыз ба, әлде науқастарды емдейміз бе?Бұл неғылған бейбастық?! Онсыз да біз қаншама айдан бері үйімізге бармай,бала-шағамызды көрмей, осында жан алысып, жан берісіп жүрміз. Тіпті бес-алтыайдан бері үйіне бармаған, аяқ-қолын созып, бала-шағасының жанында бола алмай,немересінің түрін телефоннан ғана көріп, сағынып жүрген қызметкеріміз қаншама?!Науқастарды  ажал тырнағынан аман алыпқалуға барымызды саламыз. Құтқара алмай қалғанда психологиялық күйзеліскетүсіп, біз де іштей қан жылаймыз. Осындай соғыс жағдайында жүргенмедқызметкерлерге «қоқыс», «балық», «анандай тамақ бермепті» деп, түймедейдітүйедей етіп, жала жабу одан сайын үлкен соққы. Волонтерлардың негізгі қызметі– науқастардың туған-туысы әкелген затты аурухана ғимаратына дейін жеткізіпберу ғана. Аида Букаеваның волонтерлары да сондай қызмет атқаруы тиіс. Бірақ олтым шектен шығып барады. «Ана қызметкерді жұмыстан шығар, мына адамды жұмысқаал»», «дәрінің қорын тексерем», «асхананы тексерем» деп қоқаңдайды. Медициналыққызмет сапасын тексеретін мекеменің бүкіл құзыретін бір басына жүктеп алған.Әлеуметтік желіге сағат сайын бізді қаралап пост жазады да жатады. Біз оған мәнбермес те едік. Бұл бізде жатқан науқастардың да көңіл күйіне кері әсерінтигізері анық. Дәл қазіргі сәтте науқастарға психологиялық демеу қажет. Олардыңтезірек айығып, аяқтан тұрып кетуіне психологиялық қолдау керек. Ал біз АидаБукаева басқаратын волонтерлардан ондай қолдау көріп отырған жоқпыз».

      ДәрігерлерАида Букаева бастаған еріктілерден жәрдем көрмек түгіл, сонадайдан көрсе қашып,жасырынатын болды. Өйткені бес-алты нөкерін соңына ертіп, таң атпастан ауруханаалдына келіп, «бұл аурухананы жарып жіберемін» деп айқай салды. Сөйтіп, жазыпалған бейнеайқайын әлеуметтік парақшасына жүктепті. Қазір бұл іспен құзырлыорындар айналысып жатыр.

Волонтерлар тарапынан заңсыз талаптар күшейіп, оның соңынасырға шаба бастағасын денсаулық сақтау министрі Алексей Цой белсенділердіжинап, жиын өткізді. Жиналыс барысында волонтерларды өзімбілемдікпенайналыспауға шақырды.

     Жалпы,коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлерге еріктілерден гөрі еріккендер келетінсияқты. Сондықтан алдағы уақытта волонтерлардың осындай «көмегі» керек пе дегензаңды сұрақ туады.  Егер жағдайтүзелмесе, ондай «көмектен» дәрігерлер де бас тартуы әбден мүмкін.

      Естеріңізгесала кетсек, елімізде 200-ден астам волонтерлік ұйым бар. Бірақ Аида Букаевабасқаратын ұйымнан басқасының ешқайсысы дәрігерлерге осыншалықты  кедергі келтірген емес.

Тоқтар ЖАҚАШ

Тегтер: