Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
07:19, 22 Сәуір 2020

COVID-19: індет жұқтырғандар саны 2000 асты

 Қазақстанда

Коронавирус індетін жұқтырғантағы 2 адам Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді,-деп хабарлайды coronavirus2020.

kz сайты. 

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласыбойынша 46 адам, Алматы қаласында – 34 адам, Қарағанды қаласында — 2, Шымкент қаласында — 2 адам, Алматы облысында — 1 адам, Ақтөбе облысында — 1 адам, Жамбылоблысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында — 1 адам жалпы 88 науқастіркелді.

Әлемде

 Джон Хопкинс университеті (Johns Hopkins University) таратқансоңғы мәлімет бойынша, әлемде 2 563 384 адамнан коронавирус індеті анықталды. 

COVID-19 вирусынан 177 424 адам қайтыс болды. 

Әлемде ауыр дерттен 681 477адам сауыққан. Әсіресе АҚШ, Италия, Испания және тағы бірқатар Еуропа елдеріндекоронавирусқа қатысты жағдай күрделі.

Індет жұқтырудың ең көп оқиғасыАҚШ-та тіркелген. Онда 824 438 адамнан вирус анықталды, 75 289 адам дерттен жазылды.Пандемия басталғаннан бері елде 45 042-ден астам адам көз жұмған, бұл реттевирустан ең көп адам Нью-Йорк қаласында қайтыс болған. Елде КВИ тексеру үшін 4155 178 тест жасалды.

Адам өлімі саны бойынша екіншіорында – Италия (24 648 адам). Елде індет жұқтырғандардың жалпы саны — 183 957адам. 24 648 адам вирусты жеңіп шықты.

Испания елі әлемде коронавирусжұқтыру оқиғаларының саны бойынша екінші орында. Онда ауру жұқтырудың 204 178оқиғасы расталды, 21 282 адам қайтыс болды. 21 282 адам жазылып шыққан.

Францияда 159 299 адам ауруғашалдыққан. 20 829-ы қайтыс болды. Германияда COVID-19 жұқтырудың 148 453оқиғасы тіркеліп, 5 086 адам көз жұмған.

Британияда пандемиябасталғаннан бері індет жұқтырудың 130 175 оқиғасы тіркелді, 17 378 адам көзжұмды, 640 адам жазылды.

Бұрын хабарланғандай, вирусәлемге таралып, 11 наурызда ДДСҰ COVID-19 коронавирусын пандемия атаған.

Соңғымәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырудың 2025 оқиғасы тіркелді.  

Тегтер: