09:08, 21 Маусым 2021
COVID-19 жұқтырған 442 қазақстандық ауыр жағдайда жатыр
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК коронавирус инфекциясын жұқтырғандар туралы ақпаратты жариялады.
21 маусымдағы мәлімет бойынша 21 504 адам коронавирус инфекциясынан (20 295 КВИ+ және 1 209 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:
- 6 497 пациент стационарда,
- 15 007 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 442 адамның жағдайы ауыр,
- 86 науқастың жағдайы өте ауыр,
- 54 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.