Covid-19 жұқтырғандарға арналған аурухана құрылысы аяқталды
Нұр-Сұлтан қаласында небәрі екі аптаныңішінде арналған кешеннің құрылысы аяқталды.
Бұл туралы «BI Group»құрылыс компаниясының директорлар кеңесінің басшысы АйдынРахымбаев хабарлады.
«Біз аурухананы салып бітірдік. Бұлжасанды жолмен желдету аппараттары бар интенсивті терапия палатарының кешегікөрінісі. Жақын күндері медицина қызметкерлерімен бірге құрылғыларды іскеқосып, госпитальге тапсырамыз», – деп жазды Рахымбаев өзінің Facebook-тегіпарақшасында.
«Медицина қызметкерлері біздердіасықтырып жатыр. Олар осындай қауіпсіз технологиялардың барына қатты қуаныпжүр. Екі апта бойы тынымсыз еңбек еткен құрылысшылар енді демалуы керек»,– дейді Рахымбаев.
Құрылыс компаниясының басшысы жақынкүндері Алматыдағы құрылыстың аяқталатынын және оған қанша қаражат кеткенінжариялайтынын мәлім етті. Бұған дейін Рахымбаев бұл аурухананың стационарлық,инфекциялық екенін және бірнеше жыл жұмыс істейтінін айтқан еді.
Ескере кететін жайт, Қазақстанда осындайүш аурухана тұрғызылады: Нұр-Сұлтанда, Алматыда және Шымкентте. Мемлекеттікбюджеттен олардың құрылысына 14,8 млрд теңге бөлінген.