Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:06, 29 Ақпан 2024

Дағдарыс орталығының ең бірінші міндеті - тұрмыстық зорлыққа ұшыраған жандарды қауіпсіз баспанамен қамтамасыз ету

1
Фото: из открытых источников

Отан отбасыдан басталады. Әр отбасы шағын мемлекет десек, сол мемлекеттің кішігірім заңдары мен қағидалары болады. Соған қарамастан, елімізде соңғы жылдары отбасылық зорлық-зомбылылықтың саны артып келеді.

 

2023 жылдың алты айында полицейлер тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бойынша 50 мың арыз қарап, оның 64%-ы бойынша әкімшілік іс қозғаған. Ал, екінші жартыжылдығында әкімшілік қамауға алынғандар саны екі есе артқан. Арызданушылардың 27 мыңнан астамы қайта татуласқан. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, әлеуметтанушылар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың көбеюіне бірнеше себеп ұсынып отыр.

Біріншіден, экономикалық құлдырау, материалдық жағдайдың төмендеуі (жұмыссыздық, ақшаның жетіспеуі). Ал, екіншіден 2020-2021 жылдары орын алған карантиндік режимінің салдары да көптеген отбасының әлеуметтік жағдайына әсер етіп, салдарынан тұрмыстық өмірде орын алатын зорлық-зомбылылықтың саны артқан. Тағы бір елеулі себеп - отбасы мүшелерінің зиянды әрекеттерді жаппай қолдануы, яғни, спирттік сусындарды мен ескірткінің кесірі. Елімізде соңғы 3 айда отбасылық зорлық-зомбылық 4 есе көбейген. Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, бұған тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша заңнамалық өзгертулер әсер етті. Дегенмен бұл жаңашылдықтар мәселенің реттелуіне ықпал етіп жатыр. Зорлық-зомбылыққа мүлде төзбеушілік принципі қалыптасып келеді.

Қазақстан Республикасының «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңының 4-бабына сәйкес, тұрмыстық зорлық-зомбылық тек күш көрсету немесе психологиялық қана емес, сексуалдық және (немесе) экономикалық зорлық-зомбылық түрінде болуы мүмкін. Жәбірленушілерге психологиялық оңалту бағдарламалары, әлеуметтік баспана, өлім қаупі жоғары кездегі қорғау бағдарламалары, келтірілген залал үшін өтемақы, тұрмыстық зорлық-зомбылық күәгеріне айналған балаларға арналған бағдарламалар қажет.

 Қазір Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсетумен айналысатын мемлекеттік және коммерциялық емес ұйымдар бар. Мысалы, дағдарыс орталықтары осының бір дәлелі. Бүгінгі күні еліміздің әр түкпіріндегі дағдарыс орталықтарының саны 50-ге жеткен. Осыған орай, Алматы облыстық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған

“Жан-Сая” дағдарыс орталығының арнайы әлеуметтік қызметті бағалайтын әлеуметтік қызметкер Умарова Зульфия Альдибековна тұрмыстық зорлық-зомбылық пен дағдарыс орталығының жұмысы туралы айтып өтті.

Умарова Зульфия: "Жан-Сая” дағдарыс орталығына тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған кез-келген әйел адам мен балалар келіп орналаса алады"

Тұрмыстық зорлық-зомбылықты сөз еткенде, ең алдымен, тұрмыстық құқық бұзушылық мәселесіне тоқталып өткен жөн. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл әрекетінің заңына сәйкес: “Бір субьектінің басқаларға қатысты әдейі әрекет көрсетуі - тұрмыстық зорлық-зомбылыққа әкелу қаупі бар қасақана іс-әрекет. Бұл жағдайда субьектіге немесе денеге психологиялық және нәпсіқұмарлық ықпал етуі мүмкін. Тұрмыстық құқық-бұзушылыққа заңды некедегі отбасылық қатынастар немесе азаматтық некеде бірге тұратын адамдар арасындағы, туыстық қатынастар арасындағы құқықбұзушылықтар жатады. Тұрмыстық құқықбұзушылықтың себептері әртүрлі мақсатта, әрқилы нысанамен жасалуы мүмкін. Соңғы кезде материалдық жетіспеушіліктен және спиртті ішімдікті шамадан тыс пайдаланудан туындайтын құқықбұзушылықтар кең орын алып жатыр. Жан-Сая” дағдарыс орталығына тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған кез-келген әйел адам мен балалар келіп орналаса алады. Дағдарыс орталығының ең бірінші міндеті - тұрмыстық зорлық-зомдылыққа ұшыраған жандарды қауіпсіз баспанамен қамтамасыз ету, сонымен қатар, орталық тұрғындарына тұрмыстық заттар мен күніне 5 реттік тегін тамақ ұсынамыз. Дағдарыс орталығында психолог пен заңгердің көмегі де қарастырылған. Әлеуметтік қызметкелердің қолдауымен балалардың дамуы мен білім алуына мүмкіндік береміз. Кез-келген бағытта толығымен тегін көмек көрсете аламыз», - дейді. Маман қазіргі таңда дағдарыс орталығының қызметіне жүгінетін әйелдердің саны артқанын алға тартып, дабыл қағып отыр. Әйелдер жасына, этносына, әлеуметтік мәртебесіне, білім деңгейіне, тұрғылықты жеріне және т.б. қарамастан зорлық-зомбылыққа ұшырауы мүмкін. Орталықтың статистикасы бойынша, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланысты шамамен қанша оқиға тіркелетіні туралы: - «Жан-Сая” дағдарыс орталығында белгілі бір мерзімде тұрақтайтын қыз-келіншектерге көмек беру қызметімен қатар, заңгер және психологтың кеңес беру қызметі де қарастырылған. Орталық ашылғаннан бері 3967 әйел адам психологтың қызметіне, ал 1867 адам заңгердің көмегіне жүгінген. Алғаш ашылған 2017 жылы қазан айынан 2018 жылдың қаңтар айына дейін 47 адам (18 әйел адамдар, 29 балалар) қабылдасақ, ал, 2018-2019 жылы 267 адамды (90 әйел адам, 177 кәмелет жасқа толмаған балалар) қабылдадық, 2019-2020 жыл аралығында 285 адам (170 әйел адам, 115 бала), 2020-2021 жылы 334 адам (115 әйел адам, 219 бала), 2021-2022 жылы 385 адам (125 әйел адам, 257 адам), 2023 жылы 474 адам (135 әйел адам, 319 бала) дағдарыс орталығына орналасқан.

Байқағаныңыздай, дағдарыс орталығының көмегіне жүгінетін әйелдер мен балалардың саны жыл сайын шарықтап келе жатыр. Бұл өте - өкінішті құбылыс. Орталықтың қызмет телкфонына күніне бірнеше адамнан қоңырау түседі. Тағы бір ескеретін жайт - біз «150» номері арқылы қызмет көрсететін Халықаралық Сенім орталығымен серіктеспіз. Сенім орталығына қоңырау шалу арқылы тек қана тұрмыстық зорлық-зомбылық қана емес, өмірдің кез-келген саласындағы қиындықпен бөліссеңіз болады.

Дағдарыс орталықтары ана мен баланың қауіпсіздігіне толықтай жауап беріп, оларға психологтар мен адвокаттардың көмегін ұсына алады. Ал, қалалық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің аға инспекторы полиция подполковнигі Ақбота Әбілқасымова соңғы жылдары тұрмыстық зорлық-зомбылықтың күрт өскенін атап өтіп, отбасында зорлық-зомбылыққа ұшыраған жағдайда жасалу керек алғашқы әрекеттерді атап өтті. «Біз әйелдер мен балаларға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, агрессорлармен профилактикалық жұмыстарды жүргізу, психологиялық және құқықтық көмек көрсету сияқты мақсаттарды көздеп отырмыз. Тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісін тоқтату және тәртіп бұзушыны жауапкершілікке тарту үшін полицияның «102» телефон нөміріне, сондай-ақ «150» және «111» сенім телефондарына хабарласу қажет. Бұл күндері біз де тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайында қызметтермен байланыс арналары туралы хабардар ету мақсатында тұрғындар арасында ақпараттық жұмысты, оның ішінде электронды билбордтар арқылы да күшейттік.