Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:47, 02 Шілде 2024

Дағыстанда никаб киюге тыйым салынады

никаб
Фото: dzen.ru

Дағыстан мүфтияты жақын арада никаб киюге тыйым салатын пәтуа шығарады. Бұл туралы Дағыстан мүфтиі Ахмад-Афанди Абдулаев айтты, деп жазады Meduza агенттігі.

Бұл жерде никаб мәселесі жиі көтеріледі. Ресейдің түкпір-түкпірінен келген барлық діндарлар бұл сұраққа жауап беруден тайсақтайды. Бірақ, мен бұл сауалға жауап беруді жөн көрдім. Бүгін біздің жұмысшылар осымен жұмыс істеп жатыр, никабқа тыйым салатын пәтуа шығарамыз. Бір ғана шындық болады. Құранда: бірі – ақиқат, қалғаны – жаңылыс» деп айтылған, – деді Абдулаев.

Ол пәтуаның «бүгін кешке немесе келесі күні» шығарылатынын айтты.

Айта кетейік, мамыр айының соңында Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі кеңестің (ҚҚК) басшысы Валерий Фадеев Ресейде никаб киюге тыйым салуды енгізу керектігін мәлімдеген. Бұл пікірін ол «Парламенттік газетке» берген сұхбатында «экстремизм қаупін арттыратын факторларды» талқылау барысында айтты.

Тегтер: