Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:30, 12 Тамыз 2025

«Дала қырандары» қозғалысы және жастар патриотизмі

Халық заңгері-2024
Фото: ашық дереккөз

Қазір елімізде «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыруға бақытталған «Дала қырандары Camp 2025» жыл сайынғы республикалық жастар патриоттық лагері өтуде. Бұл шараға Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар вице-министрі, генерал-майор Рамиль Камалов және Ақмола облысы ТЖД бастығы Бақытжан Алашов келді.

Вице-министр бастаманы жоғары бағалап, жастарды нақты іс-әрекеттер арқылы патриоттық тәрбиелеудің маңыздылығын атап өтті.

«Заң мен тәртіп» қағидасы – бұл тек мемлекеттік саясат мәселесі ғана емес, әр азаматтың жеке жауапкершілігі. Мұнда жастар тек демалып қана қоймай, әрекет етуге: қоғам мүддесін қорғауға, заңға бағынудың үлгісі болуға және басқаларға көмек көрсетуге дайын болуға үйренеді», – деп Рамиль Камалов атап өтті.

«Дала қырандары» қозғалысының ұйымдастыруымен өткен лагерь елдің барлық өңірлерінен келген 1 000-нан астам белсенді әрі бейжай қарамайтын жастарды жинады. Жеті күн бойы қатысушылар шатырларда тұрып, спорттық және білім беру іс-шараларына қатысады, өзара көмек, жауапкершілік пен адалдық дағдыларын меңгереді, белсенді азаматтық ұстаным мен патриоттық рухты қалыптастырады.

Жастар форумы қоғам мүддесіне, Қазақстанның тәртібі мен дамуына белсенді әрекет етуге дайын, патриоттық көзқарастағы жастар қатарын нығайтуды жалғастыруда.

Осы саланың өкілі Ерлан Мәкеновтің сөзіне сүйенсек, мұндай шараларды өткізу жастардың патриоттық сезімін оятып, өз ісіне деген ынтасын арттырады. Азаматтық ұстанымын дамытады. Жастар бір-біріне көмекке келуге, айналасына қол ұшын созуға ұмтылады.

«Біздің кезімізде тоқсаныншы жылдары мектеп қабырғасынан бастап топтасып үлкенге көмектесу, ардагерлердің үйіне барып шаруасына қолғабыс ету бар болатын. Арнайы топ құрып, ауылдағы бірнеше ардагердің үйіне барып қора-қопсысын жөндесіп, есігінің алдын тазартып, барлық шаруасын тындыратын едік. Қазіргі жастардың басым бөлігі смартфон, телефонға тәуелді. Күні бойы телефонға телміріп отырған жастарды көреміз. Мұндайда өсіп келе жатқан жас өскіннің санасы уланып, виртуальды өмірдің құрығынан шыға алмай қалады. Сондықтан жастардың бойында азаматтық міндеттерін сіңіру, ояту – оларды өмірге бейімдеу қазір маңызды. Демек осы мақсаттан алып қарасақ та, «Дала қырандары» тәрізді шаралардың маңызы өте зор. Осыны ескеру керек. Мұндай дүниелердің әр аймақта, әр ауылдық жерлерде жүзеге асырған жөн», – дейді сала маманы.

Қ.САЙЛАУ

Тегтер: