Даладағы жекпе-жек
Ата жасына келіп, немере сүйіп отырсам да,осыдан 14 жыл бұрын дүниеден өткен әкемді бір күн де естен шығарған емеспін.
Артық сөзге жоқ еді, ал әңгімеге шебер болатын. Соның бірін бөлісейін.
Жолым түсіп, ауылға екі-үш күнге бардым.Әкем ол кезде зейнетке шыққан. Дастархан жиналған соң, көкем (әкемді осылайатайтынмын) мені өз бөлмесіне шақырды. Қалың төселген көрпенің үстінде,арқасына жастық қойып, қабырғаға емін-еркін сүйеніп отыр екен.
– Ал, жолдас полковник, менсаған басымнан өткен бір оқиғаны айтып берейін, – деп, қамшылар жағынаотырғызды. – Соғыстың аяқталғанына бір-екі жыл болған, – деді көкем әңгіменіалыстан бастап.
Мен көкемнің сырына бала күнімнен қанықболатынмын. Басталған әңгіменің бұзылғанын қаламайтын. Көлденең киліккендергекейіп тастайды. Әңгімесінің желісін бұзбай, бітіріп барып орнынан тұрады. Мағанқойылған жастықты қолтығыма қыса көрпеге көсіле жайғастым. Жасаураған көзіналақанымен сипап алып, сөзін одан әрі жалғастырды.
– Елдің еңсесі әлі көтерілеқоймаған кез еді. Соғыстан аман-есен оралғандар еңбекке араласып, шейітболғандардың орны толмай, үңірейіп, жүрекке түскен жара жанға батқанқиын-қыстау кезең еді. Мақта егеміз, өсіреміз, баптап күтеміз. Тереміз,қырманға арбамен тасимыз. Кептіреміз, іріктейміз. Өкіметке өткіземіз. Жүгеріегеміз. Ол піседі. Оны қолмен орамыз. Малға азық. Жылда осы. Бітпейтін күйбіңтірлік, ұшы-қиыры жоқ азап. Қысқа қарай ол шаруалар азаяды. Көктемге дейін қолбосайды. Сол кезде мен қырда қой бағатын Рақымханның (немере ағасы) ауылынабарып, шаруаларына қолғабыс жасап, қой бағамын. Ол заманның қойшылары қысы-жазыкиіз үйде тұра беретін. Қыс қатты болады-ау деген жылдары кепе қазып алады.Қойға салынған қашар, қойшыға арналып салынған там (үй) дегендер болмайтын.Қойды есекке мініп бағамын. Азанда (таңертең) өріске ерте айдап кетемін, күнбата айдап әкеліп қораға қамаймын. Қора деген аты ғана. Бір отар қой сыятынжыңғылмен қоршалған айдаладағы алақандай жер. Өріске маған еріп Майлыаяқ дегентөбет шығады. Ой, ит атаулының төресі болатын (көкем көзін жұмып, басыншайқады).
Нағыз жігіт сияқты сенімді, тиянақты жәнеалғыр еді. Оның бойына біткен қара күшті айтсайшы! Қойды қойшыдан кембақпайтын, қой бағу Майлыаяқ үшін кәдімгі кәсіп пе деп ойлайтынмын. Қой соңындажүргенде Майлыаяқ аяғыма оралып, менің қасымда жүрмейтін. Екеуміз жайылғанмалдың екі жағында жүретінбіз. Ол ешқашан малдың берекесін алып шырқынбұзбайтын. Жайылып жүрген қойлардың арасына кірмейтін, үркітпейтін. Бір отарқойды алыстан торып, байқап, бақылап, анда-санда бір үріп қоятын. Ондайтөбеттер қайда бүгінде! Ит былай тұрсын, адам ұсақталып, азған заман болды ғой.
Ауық-ауық қасыма келіп, маған сүйкенгендеМайлыаяқтың бойына біткен күштің, жаңа айттым ғой, жойқын екеніне таңғалатынмын.Түйе құлататындай екпіні бар еді. Кейде менің тіземе бір аяғын асып қойыпотыратын әдеті болатын. Аяғын сипап отырып «құрыштан құйылған ба» деп ойлайтынмын.Біраз жатқан соң, анда-санда орнынан тұрып, бой жазып артқы аяқтарына тірелекөтерілгенде көзіңе арыстанды да, жолбарысты да елестететін.
Солжылдары Рақымхандар анау Арыстан (Түркістан облысы) 30-40 шақырым жердегіЖамбас, Бөрішек деген жерлерді қыстап отырды. Қыс айтарлықтай жылы. Қар бөкебай(түбіт) орамалдың қалыңдығындай жұқа түскен, тіпті жоқтың қасы. Бір күніқойларды еркіне жіберіп, қыстақтан алыстау жайдым. Бітік өскен бүргеннің ішіндеқойлар шашырай жайылып жатыр. Өзіме тамақ, Майлыаяққа табағымен біргесүйек-саяқ алып шығатынмын. Майлыаяқтың бір ерекшелігі – сүйек-саяқты ешқашанжерден алып жемейді. Міндетті түрде табаққа салып беру керек. Лақтырып бергенсүйекке, қалған-құтқанға мүлдемқарамайтын. Түскі тамақты ішіп болып, бір бума бүрген жұлып алып, астыматөсеніш етіп отырмын. Алдымдағы от сөніп қалған, бірақ шоқтың қызуы басылмаған.Отқа аяғымды жылытып, жан-жағыма қарап қоямын. Таяқ тастам жерде созыла түсіп,басын екі аяғының үстіне қойып, жайбарақат Майлыаяқ жатыр. Кенет қыратқаөрмелей жайылып бара жатқан қойлардың алды жанұшыра үркіп, бет-бетіментым-тырақай қаша бастады. Оларды көріп өзге қойлар да жапа-тармағай дүрлігіп,қас пен көздің арасында тып-тыныш жайылып жатқан мал быт-шыт, опыр-топыр болдыда кетті. Мен елең ете қалдым. Майлыаяқ та орнынан ұшып тұрды. Шірене тартылғанжебедей атылуға дайын тұр. Қой үріккен жаққа қарасам, жотаның үстінде үш қасқыртұр. Екеуі сәл кішілеу де, оқшаулау тұрған біреуі ана екеуінен әлдеқайда үлкенекені білініп тұр. Денем түршігіп қоя берді. Жалпы, біздің өңірде қасқырдыңмалға шабуы өте сирек болатын құбылыс. Себебі олар Сыр бойына келе бермейтін.
Тапжылмай әңгіме айтып отырған көкем жастықтыыңғайлап қойып, шалқасынан жайғасып жатты.
– Сол кездегі қиын-қыстауөмірдің, жоқшылықтың, тапшылықтың жаңғырығы ма, аяқтан өтіп, бойды алғансуықтың салдары ма, кәріліктің хабары ма, мына беліме шаншу сияқты бір бәлекенедей жабысып мазамды алды. Көп отырып қалсам жүз ине қадалғандай сыздап,шаншиды. Басқа ауру-сырқаудан, шүкір, аманмын.
Айтарлықтайсасып қалған мен есімді жиып, «Майлыаяқ, бас!» дедім. Кетті зымырап. Мен қарап тұрмын. Итті көрген қасқырлар Желқазғандеген құм жайлаған жазыққа қарай қаша жөнелді. Ентелеп Майлыаяқ қуып барады.Мен жүгіріп қырға шықтым. Үш қасқыр алда. Майлыаяқ қалар емес. Қайта араларыжақындап қалған сияқты. Бір кезде қасқырлар екіге бөлінді де, үлкен төбеніқұшақтай екі жаққа қашты. Майлыаяқ төбенің күнгей жағына қашқан жалғызқасқырдың соңына түсті. Төбеден асып, көзге көрінбей кетті. Мен жанталасыпжүріп тоз-тоз болып кеткен қойларды сай-сайдан әзер дегенде жиып, басын қостым.Жауынның астында қалғандай болып терлеп кеттім. Баяғыда қариялар айтатын еді, «қасқыршапқан қойдай болып бытырап» деп, дәл соның кері келді. Біразға дейін не болсасодан үркіп, жайыла алмады. Екі сағаттай уақыт өтті. Майлыаяқ жоқ. Қасқырларталап өлтіріп кетпесе екен деп ойлап, уайымдай бастадым. Қойларды айдап қырдыңүстіне шықтым. Анда-санда «Майлыаяқ, Майлыаяқ» деп айқайлап қоямын. Айдалададаусымның қанша жерге жетіп жатқанын бір құдай біледі.
Есектіңүстінде қалт-құлт етіп тұрып, Майлыаяқ кеткен жаққа көз тігемін. Көзге ілігер қаракөрінбейді. Бір уақытта Желқазған жақтан Майлыаяқ келе жатыр. Мен қарсыжүгірдім. Неге екенін білмеймін, жүгіріп келемін, көзімнен аққан жас бетімдіжуып келеді. Қасына келгенімде өз көзіме өзім сенбедім. Үсті-басы қан-жоса. Оңқұлағы жарақаттанған, астыңғы ерні жыртылған. Сол жамбасының алақандай терісіжыртылып, жалбырап тұр. Төсі шайналған. Қалай жұбатарымды білмей, сөйлепжатырмын. «Бір өлімнен қалыпсың ғой. Қалай ғана жаның қалды? Жүр, қайтайық.Қасқырлар қайта келіп қалар», – деп есегіме мініп, жүрейін десем, Майлыаяқалдымды кес-кестеп, есектің алдына көлденең тұрып алып жібермейді. Қыңсылағандайболды. Есектен түсіп: «Саған не болды, Майлыаяқ? Сен маған өкпелеп тұрсың ба?» –деймін. Тізерлеп отырған мені басымен кеудемнен түрткілеп тұрғызып, алдыматүсті де, келген жағына қарай қайта кетіп барады. «Е-е, бұл маған жүр деп тұрекен ғой» деп, соңынан ердім.
Олқұрық тастам жерде алдымда келеді. Ентелей сайға түстік. «Бұл мені қайдаәкеледі?» деп, аздап жүрексініп те қоямын. Майлыаяқ жүрісін баяулатып, «қалыпқалған жоқ па» дегендей, соңында келе жатқан маған қарап-қарап қояды. Қолымнанжетектегендей болып Майлыаяқ мені қардың үстінде сұлап жатқан қасқырға алыпкелді. Қолымдағы таяқпен түртіп, өлі екеніне көзім жеткен соң қасына келдім.Кәдімгі қасқырдың арланы. Құлағынан ұстап басын көтеріп едім, салмағы біртоқтының ауырлығындай екен. Денесінің жылуы басыла қоймапты. Айналама зер салақарадым. Жан берісіп, жан алысып, кем дегенде бір сағат шайнасқан екеуі. Далаалыбы арлан мен текті төбеттің көзден таса, ешбір куәсіз өмір үшін болғанжекпе-жегінің іздері тайға таңба басқандай сайрап жатыр. Жердің беті қолсоқамен жыртылғандай айқыш-ұйқыш. Жусан, бүрген жаншылып, тапталған. Белдесугедейін барған-ау деймін. Әсіресе қасқырдың орақтай тырнақтары қатты жердіосып-осып кеткен. Тіпті алдын ала жекпе-жек үшін кеңдігі киіз үйдің орнындайшеңбер жасап алғандай. Бар арпалыс, өмір үшін бар күрес сол шеңбердің сыртынашықпаған. Арлан сол шеңбердің ортасында жатыр. Арланның тамағына Майлыаяқтыңаузы тиіп, тістері қадалғанда, қасқырды денесінен жан шыққанша қақпандай тырпеткізбей тістеп тұрған. Өлі қасқырды аударып көрейін деп, екі аяғынан тартып,әзер дегенде екінші жағына аунаттым. Құдай сақтасын, неткен ауыр еді. Осыкөрініс, неге екенін білмеймін, мені қанаттандырып жіберді. Ерекше жылы әсердіңқұшағында тұрғандай болдым. Майлыаяқтың қасына келіп, тізе бүгіп отырып солқолыммен мойнынан құшақтап, оң қолыммен арқасынан сипадым. «Сен нағыз батырекенсің ғой», – деп құлағына сыбырладым. Менің сол сөздерім Майлыаяқтың жүрегінежетті білем, оның жаралы болып тұрып елжірегені әлі есімде. Оның ыстық демітұла бойымды ерітіп жібергендей болды.
Бұл оқиға ертеңіне Сыр бойына қоныстанғанауыл-аймаққа тарап кетті. Жақын маңдағы көрші-қолаң, алыстағылары атпен, жақындағыларыжаяулатып келіп, «құтты болсын» айтып,қазанға ет салдыртып, Майлыаяқтың ерлігінің арқасында маңдайларын ыстық сорпашып-шып терлетіп, көңілді тарап жатты.
Бертін келе совхозда су таситын машинадашопыр болып жүргенде, сол жерден ары-бері өткенімде міндетті түрде тоқтап өтушіедім. Ит тұмсығы кірмейтін қалың бүргеннің ішінен Майлыаяқ шыға келетіндейболып тұратын еді, – деп көкем әңгімесін аяқтап, өзбек шапанын иығына жеңілжамылып, далаға шығып бара жатты. Әңгіме үстінде көкемнің алыстап кеткен жастықшағына саяхат жасағанын сездім.
Сырға толы Сыр өңіріне, туған елге барғандаменің елден жырақта жүргенім ескеріліп, ауылдың абзал ақсақалдары басынанөткендерін «жадыңда сақтап жүр» деп, жыр етіп айтып беретін еді. Олар тұнып тұрған тәлім-тәрбие, астары асылсөздермен апталған өмір өрнектері. Алла жазып, сәті келсе, қағазға түсірежатармыз.
Әли-Хан ОМАРБЕКОВ,
отставкадағы полковник